М.Қанабекова


Диалектілік бірліктердің стильдік қолданысы



Pdf көрінісі
бет45/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138
Диалектілік бірліктердің стильдік қолданысы 
Диалектизмдер – жалпыхалықтық тілдің нормасынан 
ауытқыған, белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, таралу шегі 
бар тілдік бірліктер. Бұлардың әдеби тілде қалыптасқан 
нұсқалары бар: 
құдағай
(жергілікті) – 
құдағи
(әдеби); 
маңлай 
(жергілікті) – 
маңдай 
(әдеби); 
жылқыдар
(жергілікті) – 
жылқы-
лар
(әдеби); 
бопа
(жергілікті) – 
бөпе
(әдеби) – 
вокзалдан қарсы-
ладым
(жергілікті) – 
вокзалдан қарсы алдым
(әдеби); 
жұмысқа 
түстім
(жергілікті) – 
жұмысқа шықтым
(әдеби); 
әпше
(жергі-
лікті) – 
әпке 
(әдеби); 
шәш
(жергілікті) – 
шаш
(әдеби); 
чакыр
(жергілікті) – 
шақыр
(әдеби) т.б. 
Көптеген әдеби тілдер халық тілінде бар бірнеше диа-
лектінің біреуінің негізінде жасалғанда, ол диалектінің таралу 
аумағы, тіл байлығы жағынан басқа диалектілерден елеулі ар-
тықшылықтары бар. 
Сонда да халық тілі негізінде жасалған қазақ әдеби тілі 
диалектизмдерден қашпай, халық тілінде бар говорлық құбы-
лыстарды керегіне жаратады. Ондайлар саналы түрде әдеби тіл 
байлығын молайту үшін жасалса 
(жүйек, сүдігер, тоған, зембіл, 
наубай, собық, дақыл, атыз, жүгері т. б.), 
кейде тілде бар нәр-
сені сұрыптай алмай, кейбір жазушылар өздеріне үйреншікті (өз 
ауылында бар) сөздерді талғаусыз қолдана береді. Мұндай әде-
би норма деп танылмайтын сөздерді көркем шығармалардан жиі 
кездестіреміз. Ондай тілдік құбылыстың орынды-орынсыз жұм-
салу мәселесін сөз еткен ғалымдардың бірі – С.Аманжолов 
«Вопросы диалектологии и истории казахского языка» кіта-
бында Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарынан шыққан 
ақын, жазушылардың шығармаларынан тілдік деректер келтіре 
отырып, жан-жақты талдау жасаған. Ш.Сарыбаев, Ж.Досқараев 
сынды диалектолог-ғалымдар да диалектизмдердің автор сөзде-
рінде орынсыз қолданылуына көптеген дәлелдер келтіреді. Мұн-
дай уәжсіз қолданылған, түсініксіз жергілікті сөздер кез келген 
жазушылардан, әсіресе Д.Досжанов, Т.Әлімқұлов, Х.Есенжанов, 
Б.Алдамжаровтан т.б. кездеседі. Бастысы – көркем әдебиетте 
қолданылған диалектизмдердің жұмсалу уәжі, мақсаты болу 
керек. Мәселен, көркемдік бейне тудыру мақсатымен кейіпкер 


тілінде орынды, уәжді қолданылған диалектілік ерекшеліктерді 
М.Әуезовтің «Білекке білек» повесінен аңғаруға болады: 
- Бірақ оралып, буынып қалады-ау, тыпыршыған қараң-
қағыр. 
- Оны мен бүйтіп қоймаймын. Жиішкертем. 
- Бұдан артық қаяққа апарам сені? 
- Қанша үрмет қысам да бомай-ақ қойдың ғой, жүдә! 
Мұнда Түлкібас өңірінің қазақтарын өзгеше мәнерде сөй-
летеді. Осындағы диалектизм, қарапайым сөздердің барлығы 
қысқартылып, дыбыстық құрамы өзгертіліп жұмсалған: 
қараң-
қағыр – қараң қалғыр, жиішкертем – жіңішкертемін, қаяққа 
апарам – қай жаққа алып барамын, үрмет қысам – құрмет 
қылсам.
Сөйтіп, жергілікті тіл ерекшеліктерін кейіпкер тілінде 
белгілі бір стильдік құбылыс ретінде қолдануда ерекше эстети-
калық мән болады. Стилистика талабы – осындай бірліктердің 
көркемдік қызметін эстетикалық талғамға сай қолдану. 
Демек, диалектілік бірліктер – көркем бейне жасаудың 
тілдік материалы ретінде көркем мәтіндерде түрліше мақсатта 
жұмсалады. Мысалы:
Еденге төселген ашық бояулы, машақат 
өрнекті алаша мен терезелерге ұсталған мәнерлі перделер де үй 
сәнін айрықша молықтыра түсетіндей. Бір бұрыштан жар-
қырауық үлкен әбдіре көрінеді;
Қай шұқанаққа апарып тастайды? Қай ұшпаққа шыға-
рады?
Сонау төменде көк сілемік мұнар басып Есілдің көк ар-
насы жатыр
(С.Шаймерденов). Алғашқы сөйлемде 
машақат
сөзі түсіндірме сөздікте екі мағынаны білдіреді. 1. Қиындық, 
ауыртпалық. 2. Шым-шытырық. Ал 
машақат өрнекті алаша
тіркесінің қолданылу мәні өрнегі шым-шытырықты, әсемделген 
деген мағынада беріліп, жазушы алаша өрнектерінің әдемі өріл-
генін бейнелеп көрсетеді. 
Әбдіре
сөзі – Солтүстік Қазақстанда, сонымен қабат елі-
міздің шығыс өңірінде жиі қолданатын, жүк қоятын немесе 
ішіне зат салатын арнайы ағаштан жасалып, әшекейленген сан-
дықтың бір түрі. Автор қазақ қыздарының сол заманға лайық 
сән-салтанатын көрсету үшін орынды қолданған. Қаламгер 
ұлттық нақышты да шебер түрде жеткізе білген. 


Сілемік
диалектісі – сирек, арасы ашық немесе болар-
болмас қабат деген мағынаны білдіреді. Шығыс өңірінде сілемік 
сөзі 
жұқа
деген сөздің де орнында қолданыла береді. Автор 
қолданысында 
сілемік 
сөзі болар-болмас деген мағынада табиғат 
бояуын ашуда жұмсалған тәрізді.
Әнтек қабағын тыжырады; Басын бір жаққа әнтек бұ-
рып тастап, бүйрек бетінің бұлшық еттерін, иығын, алшақ 
кеудесін, қала берді бүкіл быртық денесін селкілдетіп ұзақ кү-
леді
(С.Шаймерденов).
Әнтек
сөзінің түсіндірме сөздікте мынадай мағыналары 
көрсетілген:
болар болмас сәл ғана, аз ғана; онша лайықты бол-
майтын орынсыз ағат
. Жазушы тілінде бұл келтірілген мысал-
дардағы 
әнтек сөзі сәл, баяу
сөздерінің мәнінде жұмсалып
кейіпкер бейнесін аша түсуде ұтымды қолданылған.
Ал бірқатар авторларда өз баяндауында жергілікті сөз-
дерді қолданудың мәні керісінше болады. Сөйлемдегі айтар ой-
дың мазмұны жеткілікті түрде түсінікті бола бермейді: 
Әлігі 
мекендердің есік-терезесін қайсыбір жұлмыт ұрлап тыншыт-
пай жүр. Сан дөңбекшіп, көзі сәтке ілінсе…, ояна кетсе, сол 
бір мезі төсек, қисайып жатып ықылым дүниені ойша кезесің
(Д.Досжанов. Зауал). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет