кездегі жастардың құпия тіліне байланысты
ерекшілігін қазақ
әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің өткен ғасырдағы қазақ да-
ласындағы әлеуметтік тартыстарды суреттейтін «Оянған өлке»
романындағы Назыкеш пен Сейіттің құпияласып тілдесуінен
байқауға болады.
Сондай-ақ ғалым байырғы кезде жастар сөзді редукциялау
арқылы құпиялап сөйлегендігіне тоқтала отырып,
бірнеше де-
ректер келтіреді. Соның бір мысалы:
«Барсам, жоқ екен. Айтып
едім, келем деді. Келмегені – келгені ғой, Келмесе, келер еді» –
деген тәрізді. Мағынасы: (Қыздың үйіне) барсам,(әкесі-шешесі)
жоқ екен. (Сәлеміңді) айтып едім, (қыз) келем деді, (Қыздың)
келмегені (әке-шешесінің) келгені ғой, (әке-шешесі) келмесе
(қыз) келер еді.
Ғ.Мүсірепов сынды суреткер жазушы әлеуметтік сипат-
тағы осындай жалпыхалықтық тіл фактісін нәзік юмор жасау-
дың өзіндік тәсілі ретінде пайдаланған.
Көркем шығарма сти-
лінде белгілі бір эстетикалық қызметте жұмсалған жағдайда
болмаса, жалпы еже тіл, жаргонизм, арготизмдер тәрізді бірлік-
тер стилистикалық нормаға жат құбылыс деп танылады.
Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу
дағдысы онша байқалмайды. Алайда соңғы жылдары,
әсіресе
90-жылдардан бері, өздерін ерекше әлеуметтік жік ретінде се-
зіну күшейе түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон
элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы:
Базар жоқ – «сөз жоқ»,
«ия, мақұл»;
Қиян, қиянсың ғой, кәпелек, қума, қумаң бар екен
– «жын-
дысың», «ақымақ»;
Шатыры таю
– «қиялға беріліп кету немесе есінен
адасу»;
Басынан су тамып тұр
– «есі ауысып тұр»;
Бастан кетті
– «ессіз ғашық болу», немесе «есі кетті»,
«мас болып қалды»;
Танк
– сессия кезінде топтағы
студенттер мен оқытушы-
лар арасында «келіссөздер» жүргізетін жылпың студент немесе
студентке көмек беретін адам (мұғалім);
Қаз қуу
– «бос жүру», «уақытын бос жіберіп алу»;
Қора
– «қиын жағдай»;
Қораға кіру
– «қиын жағдайлардың немесе күш көрсетіп
қорқытушы адамның тұтқыны болу»;
Қаужап қалу
– «тамақ ішу»;
ҚЖ (қолайсыз жағдай)
– «ыңғайсыз жағдай»;
ҚЖ болып отыру
– «қиыншылықтарға тап болу» т.б.
Бұлар жастардан басқаларға түсініксіздеу, эмоциялық,
экспрессивтік реңкі аса күшті сөздер.
Негізінен, жаргон сөздер – жалпы халыққа түсініксіз, бел-
гілі бір әлеуметтік топтардың ғана тіліндегі жасырын, құпия ма-
ғынадағы сөздер болып табылады.
Айнагүл (ашуға булығып): неге бола алмайды, деймісің?
Мархабаттың соңғы сессиядан кейін құйыршығы екеу болды! –
дегендегі тапсыра алмай қалған емтихандар, құлап қалу, сызып
жіберу
т.б. тәрізді жаргондар – көркем
тіл кестесінде стильдік
мақсатпен жұмсалып, кейіпкерлердің немен шұғылданатынын,
қандай кәсіппен айналысатынын нақты көрсету үшін алынған
тілдік бірліктер.
Достарыңызбен бөлісу: