- Тыңдалым, айтылым әдістері арқылы көктем мезгілінің ерекшілігін өз сөздерімен айта білу.
- Тыңдаған, оқыған мәтінін қаншалықты түсінгенін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсету.
- Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, күнделікте өмірде қолдана алу.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Жаңа сөздерді тыңдайды, мәтіннен таба алады;
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, көктем мезгілін сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында, көктем мезгілі жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өз ойын жеткізе алады.
Тілдік мақсаттар(тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым):
-Жаңа сөздерді тыңдап, өздері айтып, сөз тіркестерін құрастырады, қатесіз жаза алады;
Алдыңғы оқу
Жыл мезгілдері, боран,жаңбыр, қар жауады, жел соғады, қыс айлары,суық, аққалаұ мұз айдыны.
Жоспар
Жоспарлан
ған уақыт
Жоспарланған іс-әрекеттер
Бағалау
Ресурстар
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Кіріспе
(3 минут)
Ұйымдастыру сәті
-Сәлемдесу;
-Кезекшімен диалог;
-Психологиялық ахуал қалыптастыру
Шаттық шеңберіне тұрғызу. «Сәлемдесу түрлері» деп аталатын презентация арқылы оқушыларға әр түрлі елдердің амандасу түрлері туралы қызықты ақпарат бере отырып, қимылмен оқушыларға қайталату.Оқушыларға сәттілік тілеу. Мақсаты: сабақ бастамас бұрын көңіл күйлерін көтеру,сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату
Сәлемдеседі.
Кезекші оқушының сөзі.
Шеңбер бойында тұрып, бір-біріне қимыл арқылы әр елдің амандасу түрлері бойынша сәлемдеседі.
Тұсаукесер
(3 минут)
«Жұпқа біріктіру» оқушылар қорапшадан суреттер алады, бірдей екі фигураны алған екі оқушы бір жұп құрады.Жұпқа біріктіріп отырғызу
Әр жұп өздері таңдаған суреттің қай мезгілге қатысты екенін айтып береді.