М.Қанабекова


Шеттілдік сөздердің стильдік қолданысы



Pdf көрінісі
бет46/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138
Шеттілдік сөздердің стильдік қолданысы 
Әдеби тіл нормасынан тыс элементтердің бірі – шеттілдік 
сөздердің өзіндік қолданылу мақсаты, стильдік ерекшеліктері 
болу керек. Бұл сөздер – көбінесе әкімшілік іс басқару
тұрмысқа, ғылым мен мәдениетке қатысты тілдік бірліктер 
болып келеді. Аударуға болатын басқа тілден енген сөздерді сол 
қалпында қолдану әдеби норманы бұзғандық емес, әсіресе көр-
кем мәтінде, кейіпкер тілінде ұшырасып отыратыны стильдік 
уәжділіктен туындайтыны белгілі. Жазушы қайсыбір кейіп-
керлерінің тілдік портретін жасап, даралау үшін ара-тұра бөгде 
тілдік элементтерді қолданып, варваризмдерді эстетикалық қыз-
метке жегеді, яғни көркем шығарманың құрылыс материалы ре-
тінде пайдаланады. 
Жазушылар тілінде шеттілдік сөздер көбінесе өркениеттік 
өзгерістерді көрсету мақсатында қолданылған. Мысалы, Абай өз 
туындыларында «образование» сөзін орыс мектептерінде, орыс 
тілінде және азаматтық мазмұндағы оқу екенін айыру мақ-


сатында қолданған. ХІХ ғасырда мектеп – мұсылманша төменгі 
діни оқу орнының атауы болғандығы, өкімет тарапынан ашыл-
ған мектептерді «школ» деп атағандығы Абай шығармаларында 
кездеседі. 
Кейбір әкімшілік орындары мен қызмет адамдарын нақты 
әрі дәл беру үшін кейбір орыс сөздерін, тіркестерді аудармай 
сол күйінде жұмсайды: 
военный губернатор, уездной начальник, 
дознание
т.б. М. Мағауиннің «Аласапыран» романында автор 
шет орыс сөздерін орыс сарайындағы қызмет адамдарын сурет-
теуде орынды жұмсайды: 
вот, вор, царевич, воевода, стре-
лецкий приказ, стряпчий, окольничий
т.б. 
Кей ақын-жазушылар кекесін, мысқыл үшін кейіпкерінің 
тіл мәдениетін, сауаттылық дәрежесін аңғарту мақсатында қол-
данған, қысқасы, ой-өрісінің төмендігін, сауатсыздығын көрсету 
үшін орыс сөздерін стильдік мақсатта әдейі қолданады: 
Айда, 
давай, көтер, көк мойынды – дейді
(Б.Майлин). 
 Ей, сен қайдан жүрген мешокшысың, буржуй! – деді 
Смилчин. 
- Жоқ!... Буржуй мендей болмайды. Арал теңізін знаешь? 
- Балықшы рыба ловит... сексеуіл тоскайт, перуай сорт 
крупшатка! Шай сахар есь! – деді Томарша (Ғ.Мүсірепов). 
- Кім берген? Заказ берген кім?
– 
деп сұрады. 
- Пернер – деді Баянды.
- Екі жүз штукке заказ берді. Сорок пет штук готоуа!.. 
Хорошай железі, каменной железі!
(Ғ.Мүсірепов). Мұндай 
бейәдеби тілдік бірліктер – кейіпкердің тілдік мінездемесін бе-
рудің, образды ерекшелеп көрсетудің тиімді стильдік амалы. 
Ал шеттілдік элементтерді уәжсіз, мақсатсыз қолдану 
тілдік түйсіктің, тілдік сананың, сауаттылықтың төмен екенін 
көрсетеді. Варваризмдерді қолдануда стильдік қателер де жиі 
ұшырайды: 
Бізді запас бөлшектермен қамтуға тиісті орын-
дарға айтар өкпеміз де бар; Автобус іші пассажирлерге толы; 
Рынокта шетелден әкелінген «иномарка» машиналар өте көп
(Газеттен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет