I тарау. Стандарттау 71
1
принцип - қолданушыға қарай бейімделу;
2 принцип - басқарушының лидерлігі (жетекшілігі);
3 принцип - жұмыскерлерді іске тарту;
4 принцип - процеске ұқсатып кірісу;
5 принцип - басқаруға жүйелі қарау;
6 принцип - тұрақты жақсарту;
7 принцип - фактілерге негізделген шешім қабылдау әдісі;
8 принцип - қолданушыға екі жақты тиімділігін қарау.
Сапа менеджменті жүйелерін стандарттауды жетілдіру
Өндірісті жалпы басқарудағы сапа менеджменті жүйесіне та-
лаптар ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
халықаралық стандартында берілген. Стандарт істегі ИСО 9001
сәйкес өндірістегі сапа жүйесін құрастыру мен ИСО 9004 сэйкес оны
жақсарту үшін ішкі жағынан қолданылады жэне сыртқы жағынан
ИСО 9001 сәйкес оны сертификаттау кезінде сапа жүйесін бағалауда.
ИСО 9001 стандарты өнім сапасына талаптарды қоймайды,
бірақта оның талаптары олар үшін қосымша болып табылады.
Үжым дұрыс жұмыс істеу үшін оларды басқару және көп санды
өзара байланысты іс-әрекеттер түрлерін анықтау керек. Кірісті
шығысқа түрлендіру мақсатымен басқару, қолданылатын ресур-
стары мен іс-әрекеттерін процесс ретінде қарастырамыз.
Процестің кірістегі берілгендері ретінде келесілер болуы
мүмкін:
■ алдындағы процестен шығатын берілгендері;
шикізат, материалдар;
өнімге қойылатын талаптар;
■ жабдықтар және т.б.
Процестің шығыстағы берілгендері ретінде келесілер болуы
мүмкін:
талаптарға сәйкес өнімдер;
■ қалдықтар;
ақпараттар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: