Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар
жатады, әсіресе олар клиникалык белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті.
Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен жэне жыныс жолда-
рынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады,
Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шэуетпен,
нәжіспен жэне несеп-
пен бірге бөлінеді. Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3
жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Бруцеллалармен ластанған өнімдер жэне малдан алынған шикізаттар,
жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ,
малды қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру факторлары болып та-
былады. Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті
арқылы, ал сақа жануарларға алиментарлық жолмен жэне шағылысқанда
жана-су арқылы жүғады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал экелгенде карантиндеу
ережелерін сақтамаған кезде, ауру жэне
сау малдарды бірге жайғанда, бір
суаттан суарғанда, бір жолмеы айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал
қораға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шалдыққан
малдардың шуымен не тастанды телмен жанасқан жағдайда микроб тасымал-
даушыға айналады.
Індегтің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%~ға дейіні инфек-
цияға шалдығуы мүмкін. Бас кезінде буаз мал ішін-ара, ал
кейін жаппай іш
тастауы мүмкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал қосқан-
да індеттену өршіп, жаңа экелінген жэне бұрынғы ауырған малдарды қоса
қамтып, іш тастау қайтадан қаулауы мүмкін. Малды араластыру індетті өрші-
тіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағыгі күткеңде ветеринариялық-санитариялық
талап-
тарды дүрыс орындамау, соның нэгижесінде жануарлардың ауруға төзімділі-
гінің нашарлауы, уақыттылы шу мен тастанды төлді жинамау, көңді газала-
мау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай
тудырады.
Дерттенуі. Бруцеллездің қоздырушысы ас
қорыту жэне тыныс, несеп,
жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан жэне көз конъюнктивасынан
тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сел тү-
йіндерінде түрақтайды. Кейіннен басқа да сәл түйіндеріне жэне үлпершек
ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция
(регионарлық инфекция), генерализация (бойға жайылу немесе денеге шабу)
және екінші латенция.
Регионарлық (шектелген) инфекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір
ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қой-
майды. Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия басталып, үл-
першек ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден
тұратын микрограну-
лалар түзіліп, лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың
қордалануы байқалады. Бүл кезең әсіресе жас гөлдерде үзакқа созылады.
Жалпы алғанда бұл қүбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын иммунитеттің
163
алғы шарттары болып табылады. Сондықтан жас магідың организмі бру-
целлезге төзімдірек келеді. Бүл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады
жэне бір ерекшелігі ангидене түзу баяу жүреді де, серологиялык көрсеткіштер
төменгі дэрежеде болады.
Генерализация кезеңі буаздықтың,
төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нэтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысы кезінде
жиірек өрбиді. Шаранада болатын эритритол көмірсуы бруцеллалардың өсуін
жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең бактериемиямен жэне айқын клиника-
лық белгілерімен ерекшеленеді. Жануарлардың денесінде әр түрлі мүшелер
мен ұлпаларда өліеттенген қабыну процестері өрбіп, оның нэгижесінде орхит,
бурсит, тендовагинит, эндометрит сияқты бруцеллездің негізгі белгілері пайда
болады.
Жатырдың кілегейлі қабығы, қағанақ қабының және ұрықтың зақым-
дануы салдарынан буаз жануарлар іш тастайды. Генерализация кезінде анти-
дене түзілуінің күшеюіне байланысты серологиялық реакциялар оң нэтиже
береді. Бірақ, аборт болғанда қанға көп мөлшерде түскен бруцеллалардың
антигендері антиденелерді бейтараптагі, серологиялық реакциялардың нэги-
жесі теріс болуы мүмкін.
Генерализациядан кейін байқалатын екінші
латенция кезеңінде аурудың
клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден үзақ уақыт бойы імикроб
бөлініп шығады. Бұл кезеңде организмде осы ауруға тән өзгеше аллергиялық
құбылыстар байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: