9.5. Құгырық
Құтырық (
Rabies
, бешенство) - орталық жүйке жүйесін зақымдап, ша-
шырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы
ауру.
Тарихи деректер. Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени та-
рихы калыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліме^гтер Вавилонның
б.д.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағыңда кездеседі. Демокрит (б.д.д. 5-ғ)
иттің қүтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель (б.д.д. 4-ғ) эртүрлі жа-
нуарларға құтырықтың ит қапқанда жүғатындығын жазды. І.Есенберлиннің
"Алтын Орда" романында эмір Темірдің (14 ғ) Алтын Орданың болашақ ханы
Тоқтамыстың құтырған ит талағаң эйелі мен баласын өртетіп жібергені
суреттелген.
Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тэжірибе жүзінде
1804 ж. Францияда Цинке дэлелдеді. Оның отандасы Лкон ветеринария мек-
тебінің профессоры В. Галтье (1879-1881) үй қоянына і^ты рык жұқтырып,
қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бүл деректерді
пайдаланған Л.Пастер (1881-1889) үй қоянының миыиан бірнеше рет өткізу
арқылы аурудың қоздырушысын элсіретіп, өзінің дүниежүзіне эйгілі вакци-
насын алды. Құтырық қоздырушысыньщ вирус екендігін бүдан көп кейін
1903 ж. Ремленже мен Риффат-бей дәлелдеді. Румын ғалымы В. Бабеш (1887)
жэне итальяндық А. Негри (1903) кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып
кеткен қү^гырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протошіазма-
сында болатын ерекше құрылымды ашты.
Қ озды руш ы сы -
Pabies lyssavirus -
рабдовирустар түқымдастығының
лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ
пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе
жатқан тауық жэне үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде есі-
руге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (кап-
сид нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және У-антиген
(вирионның сырткы қабығындағы гликопротеид) вирустың эрбір жеке типте-
ріне тән. Соңғы антигенге байланысты қүтырық вирустары 4 сероварға
бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық қүтырық вирусгары-
ның көпшілігі бірінші сероварға жатады. Басқа сероварлары әзірше тек
Африкада бөлініп алынған.
Төзімділігі.
Құтырық вирусы 60 градус кезінде 10 мин өткенде 100 гра-
дуста бірден белсенділігін жояды. Төменгі темгіератураға төзімді болады да,
\Ь9
тоңазытылып қатырылған мида айлап сақтапады. Шіри бастағая материалда
2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. 'Қолданылып жүрген дезинфектант-
тардың кэдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер,
фор-
малин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен айырады.
Індеттік ерекш еліктері. Қүтырықпен барлық жылъі қанда үй жэне
жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер (түлкі,
қас-
қыр, қорқау қасқыр, енот тәрізді ит), сусар тектестер, жарқанат, кемірушілер-
дің көгітеген гүрлері жэне үй мысығы аса бейім. Бүлардан
адам
мен
төрт
түлік
малдың бейімділігі төмен, ал қүстардың бейімділігі вте төмен.
Ж ас ж ануарлар
ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді.
Қүтырық табиғи ошақты жүқпалы аурулардың қатарына
ж атады ,
оның
қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй жэне жабайы ет
қорек-
тілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына
байланы сты құты ры қ
індетінің табиғи жэне қалалык түрлері болады.
И н ф екция қозды руш ы сы ны ң
бастауы қалалық індет кезінде иесіз итгер мен
м ы сы қтар, ал табиғи
індет
кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.
Қазақстанның жағдайында қүтырықтың ең басты таратушысы - түлкі, ал
үй жануарларының ішінде бүл ауруғы ең жиі шалдығатыны - сиыр. Түлкінің
өсіп-өну ерекшеліктеріне байланысты, атап айтқанда, жаңа ұрпағының жеті-
ліп күшіктеуіне дейінгі уақыт 2-3 жыл өткен сайын қүтырық оқтын-оқтын жиі
байқалып тұрады. Бүл - осы аурудың кезеңдік сипаты. Сонымен қатар оның
маусымдық ерекшеліктері де байқалады, әсіресе қысқа қарай немесе қыстың
көктемге ауысқан кезінде жиілейді. Оның себебі де ауруды тарататын жырт-
қыштардың тіршілігіне, олардың қысты күні жыныс белсенділігі артып,
ылығуына байланысты. Бүл кезде еркек аңдар бір-бірімен таласып, денелерін
жарақаттайды. Құтырық гүлкі, қасқыр, қарсақ жэне ш терге бір-бірінен тісте-
ген сәтте жүгады. Ал алиментарлық жолмеы жүғуының індет тудырарлықтай
маңызы түпкілікті айқындалған жоқ.
Дерттенуі. Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады
да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен
жүлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сүр затында өсіп-өнуі
іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне,әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан
орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торша-
лары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан
қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті
безіне жетеді, бэлкім оларда да өсіп өнеді.
Өтуі мен сиіүіптомдары. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға
дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады.
Оның ұзақтығы қүтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы
мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың
төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға
қарағанда эдетте қысқарақ болады.
Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарда оның клиникалық белгілері
үқсас болады, эсіресе иттің күтыруы жан-жақты зерттелген. Итте қүтырық
өршіген және бәсең түрде өтеді.
170
Өршіген ңұтыръщтың
3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген жэне
дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бүл
кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып,
қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығьілады, иесінің шақыруына ықылас
білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын, бетін жалауға тыры-
сады. Бүл кезде иттің сілекейінде вирус болатындықтан, өте сақ болған жөн.
Біртіндеп ит мазасызданып, тез шошынып, ызақорланады, орынсыз жүгіре
береді. Есінің ауысқан белгілері біліне бастайды: бұрыннан үйреншікті нәр-
селерге ызалана үріп, ауызымен ауаны қабады (шыбын ұстағандай). Тэбеті
бұзылып үйреншікті тамақты жемей, ағаш, шүберек сияқты заттарды жей бас-
тайды. Кейде таланған жері өте қышынып, оны жалап, үйкеп, тіпті тістелей
бастайды. Біліне бастаған кезеңі соңында жұтқыншақ бұлшық еттерінің сал-
дануы нәтижесінде жануар жүтына алмай, бір нәрсеге қақалғандай эсер туғы-
зады. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға,
тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі
басталғанын көрсетеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің қорқыныш сезімі
жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса
кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Қүтырған ит бір күн ішінде
ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп, кездескен мал мен адамға шабады.
Үмтылған кезде үрмей, үндемей қабады. Егер ит торға қамалса, онда темір
шыбықтарды тісінің сынғанына қарамастан тістеп, әлсіреп қүлағанша бұл-
қына береді. Кез келген сыртқы эсер елірменің қайтадан ұстауына әкеп соға-
ды. Бүдан кейін элі бітіп құлайды. Біртіндеп бүлшық еттері жансызданып,
аурудың үшінші дел-сал кезеңі басталады.
11-сурет. Құтырган ит.
Дел-сал кезең 1-4 күнге созылады. Бүлшық еттерінің сапдануы нэтиже-
сінде дыбысы мүлде өшіп (афония), жағы салақтап, көзі шапыраштаналы.
Артқы аяғы басуға келмей, сүйретіліп, кейіннен түла бойы еттерімен аллыңғы
171
аяқтары да салданып, ит мүлдем қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы
8-11 күнге созылады, кейде жануар 3-4 күнде өліп кетеді.
Құтырыцтың бәсең (салданган) түрі
аурудың итке түлкіден жұққан
кезінде байқалады. Көтерілуі әлсіз немесе мүлдем болмайды. Ең бірінші
кезеңде көзге түсетін белгісі - ауырған жануар жүтына алмайды, аузынан
сілекей ағады. Жағы салақтап, аяқ жэне түла бойы, бүлшық еттері салданып,
Достарыңызбен бөлісу: |