Оқулық. Алматы, 518 бет


Иммунитет.  Сарыппен ауырып жазылған жаңуарда-иммунитет қалып-  таспайды. Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет129/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Сарыппен ауырып жазылған жаңуарда-иммунитет қалып- 
таспайды.
Дауалау және күресу шаралары. 
Сарыптың алдын алу шаралары малды 
қорада ұстағанда, жайғанда, айдағанда, зоогигиеналық-санитариялық шара- 
ларды сақтауға негізделген. Малдың асты құрғақ болуының, тұяғы зақым- 
данбауының маңызы зор. Сондықтан қораны уақыттылы тазалап, малдың тұя- 
ғын қырып, жонып жарақаттанудан сақтап, сазды жерге жаймау керек. Ау- 
румен күресуге оны уақыттылы анықтап, ауырған малды жедел оқшаулап
емдеудің маңызы зор.
Дауалау шараларын жүйелі түрде жүргізіп малды екі айдан қалдырмай 
ветеринариялық бақылаудан өткізіп, тұяғын жонып отыру керек. Сарып 
байқалып түрған жерлерде қой-ешкіге жылына 2 рет 10% формальдегид, 5% 
парафин, 3-5% креолин немесе мыс купоросы ваннасынан өткізу керек. Бүл 
ерітінділерді бетонданған жайдақ шүңқырга немесе гигроскопиялық төсеніш- 
ке (сабан, торф, ағаш үгіндісі) қүяды.
Табынды не отарды толықтырғанда сарыппен ауырған малды өсімге қал- 
дырмау керек. Аналық малды төлдетер алдында арнайы санитариялық бакы- 
лаудан өткізеді. Сиырдың сыртқы жыныс мүшелерін дезинфектант (3% бор 
қышқылы, 9% лизол немесе марганец қышқылды калий) қосылған ерітіндімен 
жуады. Жас төлдің кіндігіне йод түнбасын жағады. Піштіру, акушерлік көмек 
кезінде, қозының қүйрығын кескенде асептика ережелерін мүқият сақтау 
қажет.
Сарып байқалса ол шаруашылықты (ферманы, елді мекенді) бүл аурудан 
сау емес деп жариялайды да, шектеу қояды. Ауру жойылғанша ол жерден 
малдану (өсіру) үшін мал әкетуге тиым салынады. Барлық жануарларды кли- 
никалық тексеруден өткізіп, ауруларын бөліп алып емдейді, қалғандарын 
бақылауға алып, дауалау шараларын жүргізеді. Емдеу нэтиже бермесе ауыр- 
ған жануарларды санитариялық қасапханаға жібереді. Өлген малдың өлек- 
сесін, терісін алған соң өртейді не утильзаводқа жібереді. Ең соңғы сарыппен 
ауырған жануар өлген соң немесе жазылған соң бір ай өткенде қорытынды 
дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.
Атаулар мен ұғымдар
Сарып, necrobacteriosis, некробактериоз, гангреналық дерматит, пана- 
рициум, Bacterium necrophorum, аяқ ваннасы.
Бақылау сұрақтары
1. 
Ауруға қатысгы өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек-
190


шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс- 
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу шаралары
2.Сарыптың қандай клиникалық түрлері бар, олардын белгілері қандай?.
3.Сарыпқа қарсы иммунитет неліктен қалыптаспайды?
Тапсырма
Сарыпты емдеп дауалау үшін аяқ ваннасы қалай жасалатынын. оның 
құрлысын, немен жэне қалай толтырылып, қалай пайдаланатынын жазбаша 
баяндап, жобалық үлгісіңің сызбасын кедтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет