Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет128/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық өзгерістер. 
Сиыр, қой, жылқы жэне бүғыда патология- 
лық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырла- 
нады. Дерттену басталғанда тері қызарып, домбығады. Кейіннен сыздануы 
тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы үлпа өліеттенеді. 
Мұндай үлпаны тілгенде іріңдеген жасыл-сүр немесе қоңырқай түсті өліет- 
тенген масса көзге түседі. Тері мен дэнекер ұлпаның өліеттенуі буынның 
қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады. Сүйек 
жүмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары (фалангалары) сирақтан ажы- 
рап, түсіп қалады.
Ауызында некроз процесі бар өлексе өте азып, ауызы көбікті сілекейге 
толы болады. Тілі, ұрты, жүткыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, 
үлпаларының қүрылымы бүзылып, ыдырап, іріміктенген иісі жағымсыз 
массаға айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып, 
өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға үшырай- 
ды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек қуысына шабады. Көк еттің беткі 
қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек қабырғасына жабысып 
қалуы мүмкін, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі. 
Жүтқыншақтағы жэне бронхалардағы сөл түйіндері қанға толып, үлғаяды. 
¥ртының бүлшық еттерінің арасында үлқендігі грек жаңғағындай телімдер 
кездеседі. Қүста өңештің өліеттенуі үшырайды. Сиыр мен бүғының таз қарын 
жэне жүмыршақ қарыны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның 
қатпарлары мүжіліп, бүлінеді.
¥рғаш ы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы 
іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқактар көрінеді. Қынап- 
тың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп, қабыршық-
188


танып әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне жабысып қалады 
да, оған түтік жіберу мүмкін болмайды. Қуық несепке толы. Сиырдың жа- 
тыры шектен тыс ұлғайып, бүкіл құрсақ қуысын алып тұрады. Жатырдың іші 
қоймалжың ірің мен фибрин бар сұйыққа толып, кілегейлі кабығы мен оның 
астыңғы қабаттары іріңдейді. Буаз малдың жатырындағы төлдің денесі эдетте 
өліеттеніп ісінеді. Перитонит болған жағдайда құрсақ қуысында қоймалжың 
сұйық жиналады. Бауыр сары балшық түстес, тұтқырланып, үгіліп тұрады. 
Көк бауыр, щаптағы сөл түйіндері үлғайған. Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек жэне 
мида көптеген өліетті ошақтар кездеседі.
Балау. 
Сарыпқа бастапқы диагнозды аурудың клиникалық белгілері бо- 
йынша, сирақ пен бастың терісінің, ауыз бен жыныс мүшелерінің кілегейлі 
қабықтарының зақымдануына қарап қояды. Аса бір көңіл аударатын белгі -
іріңдеп, өліеттенген ағзалардың өзгеше жағымсыз иісінің болуы. Диагнозды 
растау үшін өліеттенген жағындыны үйреншікті эдістердің бірімен бояп, 
микроскоппен қарайды. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған немесе 
ұзын жіңішке грамтеріс таяқшалар болса, сарыпқа түпкілікті диагноз қойыла- 
ды.
Микроскопияның нэтижесі айқын болмаса, өліеттенген ошақтан алынған 
материалдан қоректік ортаға себінді жасайды. Егер патматериал былғанышты 
болса, зертханалық жануарларға биосынама қояды. Ол үшін ақ тышқандарға 
немесе үй қояндарына патматериалдан алынған суспензиямен жүқтырады. 
Биосынаманың мақсаты - қоздырушының таза өсіндісін алу жэне оның уыт- 
тылығы мен зардаптылығын анықтау болып табылады.
Ажыратып балау.
Қойда сарыпты шірік бақайдан, жүғымтал эктимадан, 
аусылдан, шешектен, қозының стрептококты полиартритінен ажырату қажет. 
Сиырда обадан, вирустық диареядан, жүғымтал плевропневмониядан, зілді 
катарлы қызбадан, жүқпайтын стоматиттер мен дерматиттерден ажыратады.
Емі. Ауырған малдарды бөліп алып, едені құрғақ алаңқайда, жауын-ша- 
шын өтпейтін асты қүрғақ қорада үстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан 
ұлпаларды мүқият тазалап, жарақаттанған терінің маңайындағы жүнді тақыр- 
лап қырқады. Өліеттенген үлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора 
бөлінділерін мүқият аластап, антисептикалық ерітіндімен (3% сутегінің қосто- 
тығы, 0,2% калий перманганаты, 1% мыс купоросы) жуып, сульфаниламид 
препараттары мен тетрациклин немесе пенициллин қатарындағы антибиотик- 
тердің бірін қолданады. Әсіресе, дибиомицин жақсы нэтиже береді. Зақым- 
данған теріні дибиомициннің 15% майдагы тұнбасын жағып, дэке бинтімен 
орап, оны 3-5 күннен кейін алады. Сонымен қатар, дибиомицинді бүлшық 
етке малдың Ікг массасына 20 000 бірлік мөлшерінде 1% новокаин мен 30% 
глицеринде езіп, суспензия түрінде жібереді. Қажет болған жағдайда 6-8 
күннен кейін дибиомицинді қайтадан жібереді. Басқа антибиотиктерден 
биомицин (ішуге немесе бүлшық етке), террамицин (тері астына) жэне суль- 
фаниламидтер қолдануға болады. Вишневский жақпа майын пайдалану жақсы 
нәтиже береді.
Ауыздың кілегейлі қабығы зақымданғанда 3% сутегінің қос тотығы не- 
месе тотияйын ерітіндісі, йод түнбасы, карбол қыш қылының 3% нафталин
189


мұнайындағы эмульсиясы, ерін зақымданғанда йодглицерин және цинк майы 
пайдаланылады. Егер жара өте терең болып тарамыс пен сүйек зақымданса, 
эдетте ем қонбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет