Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық үй жануарлары, көптеген
жабайы аңдар ауырады. Бүл ауруға әсіресе солтүстік бүғысы, қой, ешкі, сиыр,
шошқа, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі
жас төлдер жиі ауырады. Зертханалық жануарлардан қолдан жүқтыруға тек
қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне бактерия алып жүруші
мал. Күйісті жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып
қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте айлагі сақталады да, оны күйіс қа-
йырғанда үнемі ауызындағы жынынан, сирегірек нэжісінен бөліп алуға бола-
ды. Некроз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нэжіспен, өліет-
тенген жердегі бөліндімен шығады. Бүл микроб мал қораларында, көңде,
топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі.
Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі қа-
бықтар арқылы енеді. Аурудың біліну қарқыны мен таралу ауқымына әсер
ететін себептер: күтімінің нашарлауына байланысты жануар организмінің
қорғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы, жайылымдықтардағы, суат-
тардағы, мал айдайтын жолдардағы антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын
жерде көң мен садыраның қордалануы, малды шалшықты жайылымдарға
жаю.
Малды үзақ уақыт ылғал қораларда үстау немесе сазды жерде жаю түяғы
мен сирағының төменгі жағындағы терісінің жібіп, түяқтың жүмсарып, тері-
нің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бүзылып, жарық-
шақтар пайда болып, жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне
жағдай туады. Сирақтың сарып болуына түяқты дұрыс күтпей, оның тұрқы-
ның өзгеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жара-
қаттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысы малды пішкенде, иттің қүйрығы мен
қүлағын кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде асептика ережелерін сақ-
тамаудың нэтижесінде, жаңа туған төлдің кіндігі арқылы және басқа жолдар-
мен енеді. Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жа-
нуарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді. Жемшөпте сымтемір, шеге,
шыны сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді қатаң шөпті жайылым-
дарға малды жайғанда ауызының кілегейлі қабығы жарақаттанады.
Сарып жануарларда шамалы ғана індеттік түтану ретінде байқалып, же-
келеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды.
Кейде аусыл, шешек, эктима, эр түрлі стоматит ауруларымен қабаттасып
өтеді. Ауру эсіресе қой жэне бүғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді.