Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет124/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті 
иммунитет қалыптасады. Аурудан жазылған шошқаның қан сарысуында ви- 
русты бейтараптаушы антиденелердің титрі 1:32-1:256 шамасында болады. 
Енесін еміп жүрген торайларда уыздан ауысқан коластральді иммунитет бола- 
ды. Бірақ, оның күші мен үзақтығы шамалы ғана.
182


Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр жэне қой- 
дың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған кұрғақ ВГНКИ вакцинасы қолда- 
нылады. Сау емес шаруашылыктарда шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып 
егеді. Иммунитет бірінші еккеннен соң 5-7 күн өткенде қалыптасып, 1,5 жыл 
бойы сақталады.
Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммынан даярланған ви- 
рус-вакцина қолданылады. Ол шаруашылықты тез арада сауықтырып, вирус 
алып жүруді тоқтатады.
Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаны әлсіретілген Ауески ауруына 
қарсы өсінді вакцинамен егуге болады. Бүл препарат мүлдем зиянсыз, 
иммунитет аңдарда 6 ай, қой мен шошқада 10 ай сақталады.
Ауески ауруына қарсы иммуноглобулиндік препараттар арқылы қалып- 
тасқан енжар иммунитеттің үзақтығы 3-4 апта.
Дауалау және күресу шаралары. 
Аурудың алдын алу шаралары мал 
фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық жэне антропур- 
гиялық жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізі- 
леді. Сондықтан ауруды дауалаудың маңызды алғы шарты үй жэне жабайы 
жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы түрде індеттанулық бақылау 
жүргізу. Әсіресе мүңдай шаралардың кемірушілерді қамти отырып, шошқа 
шаруашылықтарының территориясында іске асырылуының маңызы зор. Он- 
дай шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке биосынама жэне 
серологиялық реакциялар арқылы тексереді. Сау шаруашылықтағы жануар- 
лардың қанында ауруға тэн антиденелер болмайды.
Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл түқымды малдар мен жемшөпті 
тек қана сау шаруашылықтардан ғана алу керек. Жалпы Ауески ауруына 
серологиялық тексеруден өтпеген малдарды бір жерден екінші жерге орын 
ауыстыруына мейлінше тосқауыл қойған жөн. Ауруды дауалаудағы ең басты 
шара - кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бүралқы иттер мен 
мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен тамақтың қалдықтарын жа- 
нуарларға эбден зарарсыздандырып барып қана беру керек. Тамақ қалдық- 
тарын пайдаланатын шошқа бордақылайтын шаруашылықтарға шошқаны 
малдануға өсіретін фермаларды жақын орналастыруға болмайды. Ауру шығу 
қаупі төнгенде шошқаларды жаппай егеді.
Атаулар мен ұғымдар
Ауески ауруы, morbus Aujeszky, болезнь Ауески, Suid (alpha) herpesvirus 
1, ВГНКИ вакцинасы, БУК-628 вакцинасы, өсінді вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1. 
Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек- 
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялык өзгеріс- 
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
183


2. Ауески ауруын балау үшін биосынаманың маңызы қандай?
3. Ауески ауруы кезінде қандай жануарларда эпилепсия байқалмайды?
4. Қандай жануарлар ауырғанда денесі қышынады?
5. Ауески ауруына қарсы қандай жануарларды қандай вакцинамен еккен 
нэтижелі болды?
6. Ауески ауруынан кейін шошқа шаруашылығынан карантин мен 
шектеуді алудың реті мен мерзімі қандай?
Тапсырма
Егеуқұйрықтар жаппай қырылып, өлексе жеген иттер мен мысықтардың 
арасында ауру байқалды. Олардың қанын алып, серологиялық тексеру нәти- 
жесінде Ауески ауруы анықталды. Мұндай жағдайда жақында орналасқан 
шошқа, қой, сиыр фермасында қандай сақтық шараларын жүргізу қажет? 
Жүргізілетін шаралардың жоспарын жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет