бұлшық етіне жібергенде 3-5 күң өткенде елігіп, қасынып Ауески ауруына тэн
белгілер пайда болады.
Ауруды балау үшін серологиялық эдісгерді де қолдану±а болады. Олар-
дың ішінде үй қоянында, торайдың бүйрек торшаларының өсіндісінде вирус-
ты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар комплементті байланыстыру,
диффузиялық преципитация, қосалқы гемаглютинация жэне иммунофлуорес-
ценция реакциялары қойылады. Бүл эдістер бойынша негізінен бүрын болған
инфекцияның нәтижесінде пайда болған антиденелер айқындалып, ретро-
спективалық (өткендегі) диагноз қою арқылы вирусты алып жүруші жануар-
лар анықталады жэне Ауески ауруы бойынша індеттік жағдай туралы мэлі-
меттер толықтырылады.
Ажыратып бстау.
Барлық түліктерде қүтырықтан, шошқада обадан,
сальмонеллез, колибактериоз (домбығу ауруы), листериоз, түмау, Тешен
ауруы, пастереллез, ас түзынан улану, авитаминоз, эр түрлі менингиттер мен
энцефалиттен ажырату қажет.
Қүтырық кезінде ауырған жануар адамға өшпенділік білдіреді. Негізінен
жағы салданып, ауру кең таралмайды. Оба кезінде тұла бойы қанталап, өлім
көрсеткіші 100%-ға дейін жетеді. Барлық жүқпалы жэне жүқпайтын ауру-
дардан кешенді індеттанулық жэне зертханадық талдау, оның ішінде жем-
шөпті де тексеру арқылы ажьіратылады. Түпкілікті диагноз барлық жағдайда
биосынаманың нәтижесі бойынша қойылады.
Емі.
Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гиперим-
мунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уақыттылы, жануар
ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды
тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жэне симптоматикалық ем
үшін витаминдер қолданылады.
15-сурет. Ауески ауруьін қолдан жщтырудан өлген қоянның санындагы цажалым.
Достарыңызбен бөлісу: