Оқулық. Алматы, 518 бет


Паталогоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет134/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Паталогоанатомиялық өзгерістер 
жануарлардың эрбір түліктерінде 
негізінен ұқсас келеді де, дененің сарғаюы, анемия, геморрагиялық диатез, 
тері мен кілегейлі қабықтардың өліеттенуі, үлпершекті ағзалардың дегенера- 
тивті қабынуы арқылы сипатталады. Бірақ та, жануарлардың түрі мен жасына, 
инфекцияның өту ерекшеліктеріне байланысты бұл белгілердің басымдығы
195


мен ара қатынасы эр түрлі болады. Ең бір айқын өзгерістер бауыр мен бүй- 
ректе үшырасады.
Бауырдың негізінен көлемі ұлғайып, келбеті өзгеріп кетеді. Түсінің реңі 
бозғылт сарыдан қызыл күреңге дейінгі аралықта болады, консистенциясы 
тығызданып немесе болбырап, тіпті үгітіліп тұруға дейін жетеді. Кейде парен- 
химасында өліеттенген немесе қанталаған ошақтар ұшырасады. Өт қабы 
ұлғайып, қоймалжың, желімше созылған қара-қоңыр яки бозғылт жасыл түсті 
өтке толы болады. Кейде кілегейлі қабығының эр жері немесе түгелдей 
қанталайды.
Бүйректің көлемі ұлғайып, болбырап түрады, қан толуына, дегенеративті 
өзгерістер мен пигменттенуіне байланысты түсі бозғылтым қызыл, қызыл 
күрең, кейде аздап жасыл реңді болып келеді. Бүйректің майы домбыққан, ал 
қабығы сүрғылт түсті, оңай сыдырылады, паренхимасында бірлі жарым неме- 
се жиі орналасқан көлемі эр түрлі бозғылт ошақтар кездеседі. Қыртысты жэне 
жүмсақ қабаттарының шекарасы білінбейді, түсі бозарып, кейде өте үсақ қан- 
талаған нүктелер байқалады. Түбекшесінде элбетте қызғылт түсті жалқак 
болады.
Бүйректің Левадити эдісімен күміс сіңірілген гистологиялық кесіндісінде 
жалпылама алтын сары фонда иір түтікшелердің өзектерінде, эпителидің беті 
мен цитоплазмасында негізінен үйме-жүйме шоғырланып орналасқан қара 
қоңыр түсті ирек лептоспираларды көруге болады.
Балау. 
Лептосирозды айқындау үшін жан-жақты індеттанулық (эпизо- 
отологиялық жэне эпидемиологиялық), клиникалық, патанатомиялық талдау 
мен қатар мүқият бактерологиялық, серологиялық жэне гистологиялық тек- 
серулер жүргізу қажет.
Тексеру үшін тірі малдың несебі мен қаны, ал өлексенің жүрегі, бүйрегі, 
үлпершек ағзалардың кесінділері, көкірек, құрсақ жэне • жүрек қабындағы 
сүйық, қуық ішіндегі несебімен алынады. Тастанды төл түтастай немесе оның 
қарны ішіндегісімен жэне үлпершек ағзалары зертханаға жіберіледі, Пат- 
материал жазда 6 сағат, ал қыста 10-12 сағат ішінде тексерілуден өтуі керек. 
Сондықтан да әсіресе, несепті микроскопия эдісімен тексеруді ферманың өз 
басында жүргізген жөн.
Бактериологиялық зерттеу патматериалдан даярланған препаратты қа- 
раңғы фонда, болмаса иммунофлуоресценция әдісімен немесе боялған жа- 
ғындыда лептоспираларды көру, арнайы қоректік ортада олардың өсінін бөліп 
зертханалық жануарларға жүқтырып, биосынама қою арқылы іске асыры- 
лады. Бүның ішіндегі ең бастысы - зардапсыз лептоспиралардың да болаты- 
нын ескеріп, алынған өсіндінің нағыз ауру қоздырушысы екенін айқындау 
болып табылады.
Лептоспироздың серологиялык диагностикасы қан сарысуында телімді 
антиденелерді микроагглютинация (MAP) немесе макроагглютинация (АР) 
реакциясында айқындауға негізделген. MAP ‘аса сезімтал эдіс, бірақ та, оны 
қою үшін антиген ретінде үздіксз қоректік ортада өсіріп үстайтын тірі леп- 
тоспиралар пайдаланылатындықтан көп еңбек қажет етеді. Ал күн бүрын 
биофабрикада даярланған өлтірілген микробпен қойылатын АР-ның деректік
196


қасиеті төмен. Дептоспирозбен ауырмаған кейбір малда вакцинаның жэне 
иммундеуші субинфекцияның әсерінен МАР-да біршама жоғары титрде ан- 
тидене болатындықтан, ондай жануарларды 7-10 күн аралатып қайтадан 
тексереді. Егерде екінші жолы антидененің титрі жоғарыласа, немесе бұрын 
реакция бермеген малда жоғары. титр байқалса лептоспирозға түпкілікті 
диагноз қояды. Ауруға экспресс диагноз мақсатымен ҚГАР 
ұсьінылған 
(Б. Ілиясов).
Ажыратып бапау
үшін эсіресе, шошқада лептоспира алып жүру жиі 
байқалатынын, ал қанында антидене бар жануарлардың басқа аурудан да өле- 
тінін ескеру қажет. Сиыр, қой-ешкіде лептоспирозды бруцеллездең, кампило- 
бактериоздан, қатерлі қызбадан, пироплазмоздан, 
листериоздан, вирустық 
пневмоэнтериттен, ал шошқада бруцеллез, сальмонеллез, тілме, оба, дизенте- 
риядан, микотоксикоздардан, белок, витамин жэне минералды заттардың 
жетіспеушілігінен болатын аурулардан ажырату керек. Жылқыда делбеден, ит 
пен терісі бағалы аңдарда оба, жұқпалы гепатит, вирустық энтерит жэне 
сальмонеллезден ажырату керек.
Емі. 
Емдік шарапарды іске асырғанда лептоспироздың жіті, жітіден 
төмен және симптомсыз өтіп, оның барлығы да лептосира алып жүрумен 
аяқталатынын ескеру қажет. Жіті жэне жітіден төмен өткен кезде иктеро- 
гемоглобинурия жэне гематурия байқалады да, ең нэтижелі шара - гипер- 
иммунды қан сарысуын қолдану болып табылады. Мұндай симптом байқал- 
ғанда антибиотиктер айтарлықтай нәтиже бермейді. Қан сарысуы мен анти- 
биотиктерді бірге қолданудың емдік әсері жоғары болады. Симптоматикалық 
ем, әсіресе, лептоспироздан болған мастит кезінде, міндетті шараға жатады. 
Лептоспира алып жүруші жануарды емдеу қиынға соғады да, элі де шешімін 
таппаған мэселе болып саналады.
Лептоспирозға қарсы поливалентті гипериммунды қан сарысуы өгіздер- 
ден лептоспиралардың 
Pomona, lcterohaemorrhagiae, Canicola, 
Grippotip-
hosa, Sejroe, Tarassovi
серогруппаларымен иммундеу арқылы алынады. Жа- 
қын антиденелердің нэтижесінде бүл препарат басқа лептоспираларға да әсер 
етеді. Сарысуды жіберген соң енжар иммунитет 3 сағат өткенде қалыптасып, 
10-14 күнге дейін созылады, 1-2 күн өткен соң сарысуды қайта жіберуге 
болады.
Антибиотиктерден лептоспирозды емдеуге пенициллин, бициллин-3, 
стрептомицин, биомицин, окситетрациклин кең қолданылады. Қалыптасқан 
пікір бойынша зардапты лептоспиралардың эр түрлі сероварларының анти- 
биотиктерге сезімталдығы біркелкі болып келеді. Әсіресе, синтомицин, хлор- 
тетрациклин, гентамицин, канамицин, тилозин жэне оның туындылары тилан, 
фармазин, фразидин жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет