Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасыбағасыз бактерия бөліп алды.
Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен іщегінең де
тауып, оны
Bacillus botulinus
(лат.
botulus —
шұжық) деп іатады. Жануар-
лардың бутулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.
Қоздырушысы
-
Clostridiun botulinum
- грам оң, токсин және спора
түзетің, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0,5-1,2 мкм). іӨзіне
қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда pH 6-дан жоғары, жағымсыз
температура жағдайда, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір
жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар
таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.
Бұл миккробтың денесінде О- жэне қылшасында Н-антигендері, болады.
О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын
токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: A, В, С (Сі, Сг)> Д. Е, Ғ
жэне G. Антигендік ерекшеліктері эсіресе A, В жэне Е типтері түзетін' ток-
синдерде күвдті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бэсеңдеу келеді. >Е
жэне Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқыш
реакция береді. Токсиндердің мүндай ерекшеліктерінің
серотерапия жэне
вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін A, В жэне Е сероварлары
аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А жэне С типтері арқылы, ал
сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде — С, құсга - ! С, А 'ж эн е!В типтері
арқылы болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі жэне токсин бөлуі үшін ең қолайлы
жағдай 18 ден 38°С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сэл сілтілік .реакция
(pH 7,0-7,6). Жемшөпте pH 3-4 жағдайында, 5-10% ас түзы, нитриттер, бос
май қышқылдары жэне антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өңбейді.
Төзімділігі.
Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температу-
раға өте төзімді. 100°С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105°С - 2 сағ кейін, 120°С -
10 мин өледі. Улътракүлгін жэне гамма сәулелері қабаттаса эсер еткенде
зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар спораның өнуін
тоқтатады.
,
Ботулизм токсині сүйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин., ал тығыз
ортада (ет, балық, жем) 2 сағ. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның,
азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада,(рН
8,5-тен артық) иондағыш сэуле мен тура түскен күн сэулесінің
әсерінен
белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата
алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: