Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет155/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тара- 
ған. Оны топырақта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жа- 
нуарлар мен құстардың ішек-қарнында, эр түрлі жэндіктер мең олардың 
балапан қүрттарында кездестіруге болады. Әр түрлі сероварларының геогра- 
фиялық таралымы эр түрлі.
Табиғи жағдайда ботулизммен эр түрлі жануарлар мен құстар жасына 
қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С жэне Д сероварынан, ал жылқы 
A, В, С жэне Д, күзен мен қүс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер 
мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар, егеуқүйрықтар.


токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалык ұсак жануарлардан 
ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, жэне үй қояны сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасыбағасыз 
жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20°С-тан жоғары болғанда органикалық 
заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар жэне токсин 
түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың 
түрі мен исінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым- 
ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.
Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге 
ботулизм уы тышқан жэне басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың 
саңғырығымен түседі. Ал ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тек- 
тес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жэн- 
діктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы 
мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Соны- 
мен қатар, ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, 
токсин түзуі де мүмкін. Мүны "жарақат болтулизмі" деп атайды.
Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор 
жетіспейтін аймақта шағын түтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70- 
95% шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет