Оқулық. Алматы, 518 бет


Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А вита-



Pdf көрінісі
бет163/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А вита-
минін, каротині бар азықтар (сэбіз, балық, майы, шөп ұны) қосады.
Иммунитет. 
Шешекпен ауырып жазылған жануарларда іс жүзінде өмір- 
лік берік иммунитет қалыптасады. Ондай жануарлардың қан сарысуында 
телімді антиденелер болады, ал ұлпаларда, эсіресе, теріде телімді төзімділік 
қалыптасады.
Шешекке қарсы бірнеше вакциналар қолданылады. 
Vaccina orthopo­
xvirus
қоздыратын ауруға қарсы сиырды, жылқыны, түйені, шошқаны меди- 
циналық шешек детрит вакцинасымен егуге болады. Сиырдың күнтимесіне, 
қүлағының ішіне немесе мойыннының төменгі тұсының терісін скарифи- 
катормен болмаса скальпельдің үшымен тьірнап адамға арналған;3-5 дозасын 
тамызады. Ал жылқы мен түйенің мойынының төменгі жағының терісін 
скальпельдің үшының сыртымен ұзындығы 3-4 см 3-4 сызат салып, 3-5 гам- 
шы езілген вакцинаны тамызады.
Қойдың шешегінде қарсы КСРО-да 1944 жылдан бері аллюминий су- 
тотықты формолвакцина-қолданады. Онымен ешкіні де егуте болады. Ешкіге 
арналған Тәжікстанда даярлаған аллюминий сутотықты формолглицерин 
вакцина бар. Сонымен қатар, қойды шешектен, братзодтан, энтеротоксемия- 
дан сақтайтын поливалентті вакцина бар. 1978 ж басгап вирустың элсіретіл- 
ген штаммын торша өскіндісінде өсіріліп даярланған тірі вакцина қолданы- 
лады. Бүл препарат залалсыз, иммуногендігі жоғары. Егілген малдың төзімді- 
лігі 3-5 күннен кейін қалыптасып, 9-12 айға жетеді.
Соңғы жылдары қойды егу үшін кейбір елдерде элсіретілген вирус 
штаммдарын торша өсіндісінде өсіріп, иммунділігі жоғары вакциналар даяр- 
лай бастады. Иракта РМ/65 штаммынан, Тунис пен Румынияда Перего мен 
Фанар штаммдарынан даярлаған вакциналар қолданылады.
Шошқаның табиғи өз шешегі кезінде жасанды иммунитет қалыптастыру 
мақсатымен ауру зілсіз жеңіл өткен жануарлардан детрит қабыршақтарын 
жинап, скарификатормен тырналған терісіне тамызып егеді.
Тауықты шешекке қарсы 2 түрлі вакциналармен егеді: ікөгершін ше- 
шегінің вирусынан даярланған жэңе тауық шешегінің әлсіретілген вирусынан 
даярланған. Көгершін шешегінің НД штаммынан даярлаған вакцинаны 1-1,5 
айға толған қүсқа егеді. Иммунитет 3 аптада қалыптасып, балапанда 3 ай, ме- 
киенде 10 айға дейін сақталады. Әлсіретілген Әзірбайжандық 27-АШ 
штаммынан алынған қүрғақ эмбрион вакцинамен тауықты, қырғауылды егеді. 
Иммунитет 15-20 күнге қалыптасып, балапанда 4 ай, ересектеріндё 9-10 ай 
сақгалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет