24-сурет. Түйенің басындагьі иіешектің папула-пустула сатысы.
25-сурет. Шеіиектің цойдагы (1). тсіуъщтагы (2) папула-пустула сатысы.
малдың сүті қайтады. Бұл белгілер ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы да
мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде
дененің басқа жерлерінде
розеолалар пайда болып, біртіндеп везикула,
крусталарға айналады. Шешектің шығуы мен жетілуі біркелкі болмайды да,
ауру 2-3 ап-таға созылады. Шешек шығып дерттенген жерлерге іріңдетуші
бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің негізгі қабаты зақымданып, жазыл-
ғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге тамшы тозаңмен тыныс жолдары
229
арқылы енсе дерт процесі ауыр өтіп,
ішкі ағзаларды, оның ішінде желіннің
сүт жолдарын, зақымдайды. Бұның нәтижесінде қоздырушы сүтпен бөлінеді’
Қоііда
(қоздырушысы -
Sheep capriopoxvirus
) жасырын кезеңі 7-8 күн.
Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, сел-
соқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы конъюнктивит,
ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабақтары
домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде (шап,
қолтық, желін,
құйрықтың асты, қошқардың ені), басында шешек шыға
бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошкылданып, еліеттеніп шеті
қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі
эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған
қызылшақа тері көрі-
неді.
Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып
түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақгар пайда болады. Егер терінің ас-
тыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн
немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созы-
лады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші эдетте
2-3% шамасында. Түтасқан, эсіресе,
қанталаған, шешек кезінде ауырған
малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.
Ешкіде
(қоздырушы
- Goat capripoxvirus)
шешек негізінен індет ретінде
жіті өтіп, ауырған мал, әсіресе, лақтар 25%-ға дейін өлімге үшырайды. Ауру
асқынғанда өлім көрсеткіші 80%-ға дейін барады. Әсіресе, Ангор жэне Дон
ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап, лақтағандарында желінсау бай-
қалады. Кейде экзентемасыз эдеттегіден өзгеше өтеді де, дерт өкпеге шауып,
өлімге экеп соғады. Өлексені сойғанда өкгіеде бауыр түстес сүрғылт бронхо-
пневония ошақтары кездеседі. Енесін еміп жүрген лақтар, егер туғаннан кейін
жүқса, ауру әдеттегіден басқаша өтіп, шешек ауыздың, үлтабардың кілегейлі
қабығына шығады.
Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауынан ірің ара-
лас сора ағады, біраз уақыт өткен соң ауызы мен танауының айналасында
қабыршақтар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: