Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі - үй қоянының фибромасыньің
вирусы, қоян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы.
Парапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешхінің жұғымтал сүйелінің
(жүғымтал эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың
сүйелінің вирусы, сиырдың пустулезді стоматитінің вирусы.
Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек
вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен
(260-390 нм), Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпи-
телийге эуес, торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели, Бол-
лингер денешіктері).
Қойдың, ешкінің, шошқаның жэне тауықтың шешек вирустары өз иелері
үшін ғана зардапты. Сиырдың табиғи шешегі
мен шешек вакцина вируста-
рының зардаптылық спектрі кең ауқымды болып, сиыр, бүйвол, жылқы,
қашар, түйе, қоян, маймыл және адамды қамтиды. Өте тығыз антигендік жэне
иммундік байланыс тек қана екі вируста, вакциния мен сиыр іііешегінің қоз-
дырушыларында ғана, сақталған. Әр түрлі құстардың шешек вирустарының
бір-бірімен антигендік қатынасы жақын болады.
Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі оншама жоғары емес.
Әйтседе, қүрғақ қабыршақтарда 1,5 жылға дейін сақталады. Мұздату вирусты
консервілейді. Шіріген затта тез өледі, жоғары температураға, күн сәулесінё,
қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың ш еш егінің1 қоздырушысы мал қорада 6
айға дейін, жүнде 2 айдан астам сақталады. Қайнатқанікезде бірден, 70°С-ға
қыздырғанда 5 минутта, pH 3-3,6 аралығындағы қышқыл ортада 1 ‘сағатта
өледі. Биотермиялық процесс көңді 28 күн ішінде зарарсыздандырады.
Індеттік ерекш еліктері. Шешекпен сүтқорекгілер мен қүстардырі бар-
лық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің
қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын еекеру қажет.
Жануарлардың
кейбір түрлері сол түлікке ғана тэн шешек вирусыйа бейім, ал кейбір жа-
нуарларда бүл вирустың бірнеше іүрлері ауру қоздырады.
Шешекпен барлық сүг қоректі жануарлар жэне қүстар ауырады. Қыста
және көктемнің басында жиі байқалыгі, ауыр өтеді. Әсіресе, жас төл, асыл
тұқымды малдар жэне көрікті құстар тез шалдығады. ІЛешек вирусының бас-
тауы - ауруы жасырын кезеңдегі ж эне1
ауырып жазылған вирус алып жүруші
жануарлар. Жүғу факторына малдың азығы мен күту жабдықтары жатады.
Сыргқы ортаға вирус дертке шалдығып, сыдырылып түскен эпителиймен,' та-
наудан, көзден, ауыздан аққан сорамен бөлінеді. Ауру қоздырушысы қан сор-
ушы жэндіктермен де берілуі мүмкін. Өйткені олардың денесінде 100 күнге
дейін сақталады. Сонымен қатар, төлге сүт
пен плацента арқылы, ал бала-
панға жұмыртқа арқылы беріледі.
Дерттенуі. Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының
кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Теріден оның жарақаттанған немесе сызат
түскен жерлерінен өтеді, ал А гиповитаминозы кезінде зақымданбаған теріден
де өтуіне мүмкіндігі бар. Қанда вирустың көбеюіне байланысты аурудың
бастапқы кезеңі дененің ыстығы көтерілін, көрінетін кілегейлі кабықтардың
қызарып, танаудан сұйықтың бөлінуі арқылы байқалады. Аурудың одан эрі
227
өрбуі қоздырушысының эпителийге эуестігінен туындайтын теріде экзентема
(қызамық) пайда болуына байланысты. Ш ешек бөртпесі деп аталатын ■
бұл
құбылыстар бірнеше сатыдан тұрады:
розеола - ауру жұққаннан кейінгі 172 тэулік ішінде байқалатын қызарған
дақтар;
папула - келесі 1-3 күнде пайда болатын бөріткендер;
везикула - бөріткендердің 5-6 күнде қолдырап, сарғыш түсті сүйыққа
толуы;
пустула - везикуланың ішіндегі. сүйықтың 2-3 күнде түсі күңгірттеніп,
іріңгеайналуы;
круста
- папулаңьщ жарылып, сүйықтың сыртқа шығып, қарақошқыл-
данған қабыршақ пайда болып, астыңғы сау эпителийдің жетіліп, 5-6 күн
ішінде қабыршақтың түсіп, орнына тыртық пайда болуы.
Шешектің осылайша өрбуі адамда, сиыр мен жылқыда байқалады. Қой
мен ешкіде жэне шошқада везикула пустулаға айналмай, бірден қабыршақ
пайда болады да, шешекке диагноз қою біршама қиындыққа соғады.
Құстарда дертке щалдыққан эпителий- тез жетіледі де, өсе келе теріде
сүйел
тэрізді шоғырланады, ал кілегейлі қабықтарда сыдырылып түсетін қа-
быршақтар түзеді. Мұндай қабыршақтанып сыдырылу дифтерияға тэн қү-
былыс болғандықтан шешек-дифтериті деп те аталады. Жалпы алғанда қүста
шешек папула түрінде емес пролиферациялық қүбылыс ретінде өрбиді.
Жануарларда вирус денеге тері арқылы өткенде эдетте жеңіл ғана орыны
шектелген шешек процесі байқалады. Егер ауру қоздырушысы респираторлық
немесе алиментарлық жолмен енсе, септицемия өрбіп, тері мен кілегейлі қа-
бықтарда түгелдей шещек щығады.
Өтуі мен симптомдары . Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекше-
ліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты
шешектің клиникалық байқалуы эр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек
сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан жэне қанталаған түрде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: