21-30 күн өткенде қалыптасып, 8-10
жылға дейін сақталады, жылқыда - 6
жыл, үй қояны мен терісі бағалы аңдарда 3 жылдан артық мёрзімге созылады.
29-сурет. Трихофитияның денені жайлаган терең түрі.
Дауалау және күресу шаралары.
Трихофитияның жалпы дауасы мал
фермасында встеринариялық-санитариялык ережелерді сақтау, малды дұрыс
күтІп, азықтандыру, қора жайда ретті түрде дезинфекция, дератизация жұмыс-
тарын жүргізуге саяды. Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн дауа-
лық карантинде ұсталуы қажет. Оқшауханадан
шығарар алдында ондай жа-
нуарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш наірий немесе басқа дезинфек-
тантпен шылау керек. Аурудың алдын алу мақсатымен жемге, қосып гризео-
фульвин, метионинді күкірт береді.
Сау емес шаруашылықтарда трихофитияны болдырмау үшін бейім жа-
нуарларды арнайы вакцинамен егеді.
А)фу шыға қалған жағдайда шаруашылықты
сау емес деп жариялап,
жануарларды бір табыннан екінші табынғаіауыстыруға тиым салады. Ауыр-
ған малды оқшаулап, емдейді. Қалғандарына вакцина егіп, ауруға шалдық-
қандарын уақыттылы бөліп алу мақсатымен әрбір 5 күн өткен сайын дәрі-
герлік бақылаудан өткізеді. Жаңадан ауырған малды
бөліп алған кезде, бірден
қора-жайға дезинфекция жасалады. Ағымдағы дезинфекция Ю.күн сайын 1%
сілті жэңе 5% формальдегидтің қоспасымен 10% карболды күкірт қышқы-
лымен, формалин-керосин эмулъсиясымен (10 бөлігі формалин, 10 бөлігі
керосин, 5 бөлігі креолин, 75 бөлігі су) жасайды.
Сонымен қатар, құрал-
сайман, жұмыс киімі зарарсыздандырылады. Шаруашылық соңғы ауырған
мал жазылған соң 15 күн өткенде, қорытынды дезинфекция жасап барып, сау
деп есептеледі.
240
Атаулар мен ұғымдар
Тихофития, Trichophytia, дерматомикоздар,
микроспория, қысаға, стри-
гущий лишай, Trichophyton verrucosum, Trichophyton equinum, Trichophyton
sarkisovi, Trichophyton mentagrophytes, ЛТФ-130
вакцинасы, ЛТФ-130 K
вакцинасы, СП-1 вакцинасы, трихоовис вакцинасы, ментовак, камелвак.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы,
індеттік ерек-
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс-
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Трихофитияның клиникалық байқалуының жыл маусымымен бай-
ланысының себебі неде?
3. Әр түрлі жануарлар үшін трихофитияға қарсы неліктен эр түрлі вак-
циналар қолданылады?
Тапсырма
Жүн талшығының микроскоппен көрінетін
эрбір қабатын сызып көр-
сетіп, трихофития кезінде қайсысы қалай зақымданатынын, ауру қоздырушы-
сының қалай орналасатынын көрсетіп, түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: