Оқулық. Алматы, 518 бет


Дерттенуі.  Микроспория кезінде дерт процесінің дамуы трихофитиямен  тақылеттес. Өтуі мен симптомдары



Pdf көрінісі
бет170/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Микроспория кезінде дерт процесінің дамуы трихофитиямен 
тақылеттес.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 22-47 күн. Ауру 3-9 аптаға, 
кейде одан да ұзаққа созылады. Зардаптың байқалу дәрежесіне қарай ми- 
кроспорияның үстірт, терең, өшкін жэне жасырын түрлері болады. Сақа жа- 
нуарларда көбінесе жасырын түрі, ал жас төлдерде барлық түрлері кездеседі. 
Зақымданған жері қатты қышынады.
Үстірт түрі
кезінде дертке шалдыққан жердің жүні түбінен қырқылып, 
түсіп, тақыр, беті сыдырылған дөңгелек дақтар пайда болады. Экссудация 
белгілері (терінің сулануы) оншама байқалмайды. Зақымдану ошақты жэне 
жайылған шашыранды болуы мүмкін. Аурудың үстірт түрі мысықта (әсіресе, 
балаларында), итте, жылқыда, терісі бағалы андарда кездеседі.
Терең (фолликулалъщ)
түрі кезінде қабыну процесі күшті болып, терінің 
бетінде кепкен экссудаттан қабыршақ түзіледі. Үсақ дақтар бір-бірімен қосы- 
лып, беті қабыршақтанған ауқымды ошақ пайда болады. Микроспорияның 
мұндай терең түрі жылқыда, терісі бағалы аңдарда, шошқада кездеседі.
Жасырын түрі (субклиникалыц)
кезінде дененің эр жеріндегі жүн тал- 
шықтары зақымданады. Аурудың мұндай түрінде жүннің түсуі, терінің 
қабырш ақтануы байқалмайды. Зақымданған жүн талш ықтарын жай көзбен
242


ажырату мүмкін ёмес, олар люминисценттік эдіспен анықталады. Жасырын 
түрдегі микроспория мысықта, итте жэне терісі бағалы аңдарда кездесёді 
Әдетте, ондай дерт мысықта байқалады, ал мысық балаларында ауру үстірт 
түрде өтеді.
Сонымен эр түрлі жануарларда микросорияның біраз өзгешеліктері 
болады. Ит пен мысықта негізінен үстірт түрі байқалады да, шамалы жүні 
көшкен дақтар түмсығының, аяғының үшында, өн бойының терісінде ұшы- 
расады. Зақымданған жерлерінің жүні сиреп, жеңіл жүлынады. Жануарлар 
өздігінен сауығып кетеді.
Жылқының арқасында, жауырынында, сауырында, мойынында, басында, 
сирақтарында беті қобыраған дақтар пайда болады. Ондай жердің жүні қоб- 
дырап, жеңіл жүлынады. Жүн түгінің түбі жуандап, қоздырушының спора- 
ларынан түратын сүрғылт белдеумен көмкерілген. Аурудың терең түрі кезінде 
қалыңдығы эр түрлі қабыршақтар пайда болады. Терісі бағалы аңдарда три- 
хофития субклиникалық жасырын түрде өтеді де, зақымданған жүн талшық- 
тарын люминисценттік әдіспен ғана анықтауға болады. Үстірт түрі кезінде 
аңның бас терісінде, құлағында, сирақтары мен құйрығында, тұла бойының 
кей жерлерінде жүні сыдырылған дақтар кездеседі. Бүндай дақтар бірен-саран 
немесе мол, шектелген немесе бір-бірімен қосылып жатуы мүмкін;
Шошқада микроспорияға тэн зақымдану қүлақ терісінде жиі үшырайды, 
кейде арқасында, мойынында, бүйірінде кездеседі. Жеке дақтар бірігіп, түтаса 
келе, сүрғылт қабыршаққа айналады. Ондай жерлердің элбетте қылшығы тү^ 
сіп, тақырланып қалады.
Балау. 
Микроспорияға диагноз індеттанулық деректерді, клиникалық 
белгілерін, люминисценттік зерттеу мен микроскопияның нэтижесін ескеріп 
қойылады. Қажет болғанда ауру қоздырушысының өсінін бөліп алады. Зерт- 
ханада тексеру үшін дененің зақымданған жерінің шетінен жүн талшықтарын 
немесе қабыршақтарды қырып алады. Люминисценциялық зерттеу үшін, 
Петри тостағаншасына салынған патматериал немесе тексерілетін жануардың 
өзін қараңғыланған бөлмеде ПРК-2 сынап-кварц шамының жарығымен 
УСФФС фильтрі арқылы қарайды. Ультракүлгін сэуленің эсерінен микроспо- 
рияға шалдыққан жүн талшықтары жасыл түсті жарқыл шығарады.
Ажыратып балау.
Микроспорияны трихофитиядан, қышыма қотырдан, 
А гиповитаминозынан,1
жүқпайтын дерматиттен ажырату керек, А гипови- 
таминозы мен дерматит кезінде , патматериалда қоздырушы болмайды, ал 
қышыма қотыр кезінде іқышыма кенесі болады. Люминесценттік эдіс трихог 
фитиядан ажыратуға мүмкіндік береді. Трихофития кезінде зақымданған жүн 
талшық-тары ультаркүлгін сәуледе жарқыл шығармайды.
Емі. Микроспорияға шалдыққан жануарларға трихофитиядағыдай емдік 
дәрілер қолданылады. 5-10% салицил сүртпе майы, 10% салицил спирті, 10% 
йод түнбасы, сульфон, күкірт ангидриді, 3-10% карбол жэне бензой қышқы- 
лы, йодоформ, фукузан, бір хлорлы йод, трихоцетин, “Ям” сүртпе майы жақ- 
сы емдік нэтиже береді. Бүл препараттар закымданған жерге тікелей жағы- 
лады. Ал жалпы организмге емдік эсер ету үшін витаминдер, гризеофульвин 
антибиотигі қолданылады. Витаминдер организмнің жаппы қуатын күшейту
243


үшін емдік дозаларында, ал гризеофульвин жемге қосып 20 мг/кг мөлшерінде 
8-15 күн бойы беріледі.
Ауырған жануардың толық жазылғанын зақымданған юшақтың жоға- 
луына, теріде қайтадан жүн шығуына қарап анықтайды. Жазылған жануарды 
оқшауханадан шығарарда үстін 2% креолинмен немесе 1-1,5% күйдіргіш 
натриймен шылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет