Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет173/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Ауыл шаруашылық малдарынан қой, эсіресе, 
қозылар ауырады. Жасырын кезеңі 4-12 күн. Ауырған мал селқостанып, де- 
несінің ыстығы артады. Тамыр соғуы жиілеп, ентіге дем алады. Қанда гемо- 
глобин азайып, кілегейлі қабықтар бозғылт тартады. Мойынның, жауырын 
алдының сөл түйіндері үлғаяды. Іші қатты өтіп, тез арықтайды. Сирақтары 
сарғайып, жансыз қалады. Қозылардың 10-50% ауруға шалдығып, оның 30%- 
ға дейіні 28-60 күн ішінде өліп қалады.
Сиыр, жылқы, түйе белгілері өшкін түрде ауырады. Кей жағдайда ауруды 
тек серологиялық зерттеу арқылы ғана білуге болады. Буаз мал іш тастайды. 
Шошқаның ыстығы көтеріліп, күйзеледі жэне жемнен қалады, тынысы жиі- 
леп, денесі терлейді. Сақа шошқалар жазылады да, торайлар әдетте өліп қала- 
ды.
Қүстарда (тауық, қырғауыл, көгершін) ауру жасырын түрде өтеді. Үй 
қоянының танауынан сора ағып (ринит) жүдейді, тері астындағы сөл түйін- 
дері іріңдейді. Терісі бағалы аңдарға (күзен т.б.) ауырған қой мен қоянның 
етін жегенде жүғады. Ауруға шалдыққан аң тез ариды.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. 
Өлген қойдың тері асты шелі қанта- 
лап, өліеттенеді, сөл түйіндері талмауратып қабынады, бауыры үлғаяды, өкпе- 
де ошақты пневмония кездеседі. Кемірушілердің денесіндегі өзгерістер псев- 
дотуберкулезге үқсас келеді.
Балау 
үшін індеттанулық деректерді, аллергиялық, серологиялық жэне 
бактериологиялық тексерулердің нәтижелері пайдаланылады. Ауыл шаруа- 
шылық малдарында туляремияға күдік бұл індет кемірушілердің арасында 
тарағанда туады.
Бактериологиялық зерттеу үшін тірі малдың сөл түйінінен шприцпен 
сорып алынған материал, ал өлген малдың ішкі ағзаларының кесінділері пай- 
даланылады. Қоздырушының өсінін қоректік ортада бөліп алу қиынға соғады 
да, зертханалық теңіз тышқаны мен ақ тышқанға биосынама қояды. Сонымен 
қатар, агглютинация реакциясы мен қосалқы гемаглютинация реакциялары 
арқылы серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Аллергиялық зерттеу тері ішіне 
тулярин жіберу арқылы жүргізіледі.
Ажыратып балау.
Туляремияны анаплазмоздан, псевдотуберкулезден, 
туберкулезден, бруцеллезден, кокцидиоздан ажыратуға тура келеді. Ол үшін 
індеттанулық жэне клиниклық деректер, аллергиялық жэне зертханалық зерт- 
теулердің нэтижесі негізге алынады.
Емі. 
Антибиотиктер (стрептомицин, окситетрациклин, гентамицин) қол- 
данылады. Қажет болғанда хирургиялық жолмен зақымданған сөл түйінін 
тіледі.
Иммунитет. 
Туляремиядан ауырып жазылған жануарларда иммунитет 
қалыптасып, қанында телімді антиденелер пайда болады. Адамды егу үшін 
арнайы вакцина қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет