Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет175/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығын- 
дағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бүлан мен бүғы ауырады. Жас төл 
колостральдік иммуниеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның эсері- 
нен төзімді келеді. Негізінен қоңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жа- 
нуарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық 
жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу 
факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем- 
шөп, жайыпым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады.
Ауру алиментарлық жолмен жэне зақымданған тері арқылы жұғады. 
Қоздырушының денеге бойлауына ауыздың кілегейлі қабығының бүлінуі, 
ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қой- 
ларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жүғады.
Қарасан негізінен спорадия түрінде бірен-саран кездеседі. Сөйткенмен 
де бордақылау кеш ендерінде шағын індеттік тұтану ретінде байқалады. 1-2
248


апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім көрсеткіші жоғары болып, 80% дейін 
жетеді.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен, жазғы, күзгі ,мау- 
сымдығы айқын сезіледі. Көптеген өлкелерде қарасанның ең көп байқалатын 
уақыты - күздігүні. Бұл кезде жайылымдағы шөптер қурап, қатайып, тікенек- 
тенеді, егін орылып, аңызға мал жайылады. Тамырлы мал азығын жинап алған 
жерге мал жіберіледі. Осының бэрі қоздырушының топырақтан жұғуына жағ- 
дай жасайды. Сондықтан да қарасан топырақ инфекциялары тобына жатады.
Қарасан кез келген аймақта кездеседі. Аурудың белгілі бір табиғи орта- 
мен, топырақтың климаттық ерекшеліктерімен тікелей байланысы жоқ.
Дерттенуі. 
Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға 
өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақ- 
тайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның 
нэтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ 
қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. 
Бұның нэтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықыр- 
лайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға 
өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап
жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың 
ақыры өлімге соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет