Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет167/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 
6-30 
күн. Теріде шеті айқын 
жиектелген, беті ақ таңдақ, сүрғылт түсті дөңгелек дақтар пайда болады. 
Сиырда қабыршақтанған дақтар көбінесе басы мен мойынында, сирегірек 
тұла бойы мен арқасында, сауыры мен қүйрығында кездеседі. Алғашқы дақ- 
тар маңдайында, көзінің айналасында, езуінде, құлақтың түбінде байқалады. 
Ал ересек жануарларда қабырға үстінде пайда болады. Жылқының бас тері- 
сінде, құйрығының түбінде, сирақтарында байқалады. Ит пен терісі бағалы 
аңдардың басы мең мойыңы, сирақтарының терісі зақымданады. Бұл хайуан- 
дардың арасында иттің терісіне түсетін дақтардың қабыршақтары қалың 
болады. Мысық пен қой сирек ауырады. Қойдың терісінде процесс негізінен 
арқасында, төсінде, жауырынында, мойынында байқалады. Ал қозының ба- 
сында, көзінің айналасында, қүлақтарында кездеседі. Шошқада сыдырылып 
түсе бастайтын дақтар басының, жон арқасының жэне төсінің терісінде бо- 
лады.
Дерт процесінің салмағына байланысты аурудың үстірт, терең (фолли- 
кулалық) жэне өшкін (кэдімгі емес) түрлерін ажыратады. Сақа жануарларда 
әдетте үстірт жэне өшкін түрлері, ал жас төлде (бүзауда) фолликулалық түрі 
кездеседі. Малдың күтімі нашар болса ауру жадағай түрден фолликулалық 
түрге ауысып, бірнеше айға созылады. Бір жануардың өзінде терінің жадағай 
жэне терең зақымдануы қатарынан байқалуы мүмкін.
Үстірт түрі.
Алғашқыда теріде жүн ұйпаланған, мөлшері 1-5 см, дөң- 
гелек дақ пайда болады. Сииап көргенде үсақ бүртіктер сезіледі. Біртіндеп дақ 
үлғая бастайды, оның беткі қабаты бастапқыда сыдырылады да, кейіннен 
асбест тәрізді қабыршақ пайда болады. Қабыршақты сыпырып алғанда, ас- 
тында жүні сыдырылған терісінің суланған қабаты көрінеді. Дененің зақым- 
данған түсы қышынады. 5-8 аптадай уақыт өткенде қабыршақ түсіп қалады 
да, орынында жаңадан жүн шыға бастайды.
Терең түрі
кезінде терінің қабынуы күштірек байқалады да, ауру үзаққа 
созылады. Әдетте ірің бөлінеді де, қураған экссудат кепкен қамыр тэрізді 
қалың қабыршақ түзеді. Қабыршақты басып көргенде астынан ірің шығады, 
ал оны сыдырып алса астында қызыл шақаланып ойылған, іріңдеген беткейі 
көрінеді. Ол жерге іріңдеткіш микробтар түсіп, процесс асқынып кетуі мүм- 
кін. Жануардың денесіндегі қысаға ошақтарының саны эр түрлі болуы мүм- 
кін. Кейде бірен-саран ғана болады да, кейде өте көп болып, бір-бірімен қо- 
сылып жатады. Ауру үзаққа созылып (2 айдан артық), жазылған жердің ор- 
нында тыртық иайда болуы мүмқін. Жас малдар ауырған кезде қатты жүдеп 
өспей қалады.
Аурудың үстірт түрі әдетте жазғы уақытта, ал терең түрі күз-қыс айла- 
рында кездеседі. Жануарлардың қай түлігінде болмасын тығыз, жайсыз, анти- 
санитариялық жағдайда ұстау, нашар азықтандыру аурудың ауыр өтуіне эке- 
ліп соғады.
Өшкін түрі
эдетте жаздың күні сақа жануарларда байқалады. Ауырған 
малдың басында, кейде денесінің басқа да жерлерінде жүні түсіп, беткі қа-
238


баты сыдырылған ошақтар байқалады, бірақ та, айтарлықтай кабыну гіроцесі 
болмайды. Қабыршақты сыдырып алғанда тегіс, тақыр тері көрінеді. Ол жер- 
де 2 апта өткенде кайтадан жүн шығады.
Балау 
үшін клиникалық белгілері негізге альшады. Сонымен қатар, 
індеттанулық деректер де ескеріледі. Дүдэмал жағдайда микроскопия жасалы- 
нады. Қажет болғанда арнаулы ортаға сеуіп, өсін алып, микологиялық зерт- 
теулер жүргізеді. Зертханада зерттеу үшін материалды зақымданған теріден, 
ем қолданылмаған қабыршақтанған телімінің шетінен алады.
Микроскопияны шаруашылықтың өзінде-ақ жүргізуге болады. Ол үшін 
зерттелетін қылшықты немесе қабыршақты Петри тостағаншасына салып, 
күйдіргіш натрийдің 10-20% ерітіндісіне шылап, 20-30 мин бойы термостатта 
үстайды немесе сэл жалынға қыздырады. Төсеніш шыныға орналастырған 
материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен 
жауып, микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш объектив арқылы 
қарайды.
Ажыратып балау.
Трихофитияны микроспориядан, қышыма қотырдан, 
экземадан, жүқпайтын дерматиттен ажырату керек. Ол үшін клиникалық, 
індеттанулық деректер пайдаланылады, микроскопиялық зертгеудің нэтижесі 
негізге алынады. Трихофитонның сгюралары микроспорумға қарағанда ірірек 
болады жэне тізбектеніп орналасады. Люминисценттік микроскоппен қара- 
ғанда микроспорум саңырауқүлақпең зақымданған жүн талшығы ашық жасыл 
түсті сәуле шығарады, ал трихофития кезінде мүндай қүбылыс байқалмайды.
Қышыма қотыр кезінде терінің зақымдануы басқаша болады, микроско- 
пия кезінде қышыма кенесі көрінеді. Экзема мен дерматит кезінде трихофи- 
тиядағыдай орны шектелген дақ байқалмайды жэне жүннің талшықтары 
қырқылмайды.
Емі. 
Ауырған жануарды оқшаулап, бөліп алады, Қабыршақтарды жүм- 
сарту үшін вазелин немесе балық майын жағып, 1 -2 күннен кейін сыдырып 
алады. 5-10% салицил майын, 10% салицил спиртін, 10% йод түнбасын не- 
месе "Ям" сүртпе майын жағады. Жемге қосып 20 мг/кг (ұсақ жануарларға 4 
мг/кг) мөлшерде 10-15 күн бойы гризеофульвин береді.
Өзіне тэн препарат ретінде емдік мақсатпен трихофитияға қарсы вакци- 
налар қолданылады. Вакцинаның емдік дозасы дауалық мақсаттағысынан екі 
есе жоғары. Вакцинамен емдегенде басқа дэрі-дэрмектерді қолданудың қа- 
жеттілігі болмайды. Өте асқынған ауру кезінде вакцинаны-3 рет енгізеді, ал 
қабыршақтарға жұмсартатын сүртпе май (балық майы, вазелин, күнбағыс ма- 
йы) жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет