22-сурет. Ботулизм кезінде жылқының тілінің салдануы.
Қой
ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяқтарын бауырына
қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойыны салданғаң
кезде бір жағына қарай иіледі. Ауру жіті өткенде ауызынан тілі салақтаи, сіле-
кей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал үзақ уақыт дел-сал күйде
болады.
Ешкініц
жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға жэне жұтынуға қатысты
бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.
Шоища
сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің
қозғалысын дүрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жұтқыншағы мен жақ-
тарының бүлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3
тэулікте өледі.
Құстар
(тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып
немесе ебедейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойыны бүгіліп, басын иығына
қарай бүрады. Сэл ашылған тұмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала ал-
майды. Ауру шегіне жеткен кезінде қүс бауырлап немесе бір жағына қисайып,
жатып қалады. Мойынын созып, басын жерге салады. Судағы қүс жүзгенде
табиғи қалпын сақтай алмай, мойыны мен басын дүрыс көтеріп үстамайды.
Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы үлғайып, ашылып-
жүмылатын жарғағы орынына бармайды.
Ауырған
иттіц
аяқтары салданып, көзі қимылдамай, дел-сал күйде бола-
ды. Ішектің қызметі бүзылып, жүтқыншағы жансызданады. Ақыры асфик-
циядан тыныс ала алмай өледі. Ауруға пневмония қабаттасуы мүмкін.
Күзенде
токсин бойға енген соң аурудың белгілері 0,5-4 күн шамасында
білінеді. Сирақ еттері салданып, көздің қарашығы ұлғаяды. Ауызынан сілекей
ағып, еркінен тыс несеп бөлінеді. Басы бір жағына қисайып, көз қарасы бір
жерден аумайды. Ызаланған аң тістеп алуы мүмкін. Тыныстың тоқтауынан
өледі. Өлім көрсеткіші 70-80%.
Достарыңызбен бөлісу: