Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет180/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.2. Паратуберкулез
Паратуберкулез (
Paratuberculosis
) немесе солма - созылмалы өтетін
ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы 
ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға экеліп соқтыратын жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
1895 ж. X. Ионе мен Г. Фротингем ауырған сиырдың 
ішегінен алынған жұғындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады. Б. 
Банг 1906 ж. ауруды бұзауға қолдан жүқтырды.
Қоздырушысы -
Mycobacterium avium subsp.paratuberculosis

бұрыигы
атауы. 
Mycobacterium paratuberculosis 
-
жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша 
(0,5-1,5 0,2-0,5мкм), қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, 
спора мен қауашақ түзбейді, Циль-Нильсен әдісімен жақсы боялады, ауру 
малдың нәжісінен зақымданған ішек пен шажырқай сөл түйінінен алынған
252


жағындыда үймелеп, топтасып, кейде жеке дара немесе жұптаньш орнала- 
сады. Жасанды қоректік ортада баяу өседі де, өсінді шоғыры '15-120 күн өт- 
кенде пайда болады. Кэдімгі қоректік орталарда өспейді. Өсіру үшін арнайы 
Дюбо-Смиттің өзгертілген казеин ортасы, Данкин, Ренжер, Лоң, Генгли 
қоректік орталары пайдаланылады. Сұйык ортада өсірілгенде ауру жүққан 
малда аллергиялық реакция беретін улы зат паратуберкулин. немесе йонин 
пайда болады. Паратуберкулездің микобактериясы зертханалық жануарлар 
үшін зардапсыз.
Төзімділігі. 
Солманың микробы сыртқы орта мен дезинфектанттардың 
эсеріне айтарлықтай төзімді. Топырақ пен көңде 10-12 ай, жемшөп пен суда 8- 
10 ай сақталады. 85°С кезінде 5 мин., жабық ыдыста қыздырылған сүтте 63°С 
кезінде 30 мин., 80°С кезінде 1-5 мин. өткенде өледі. Күн сэулесі 10 айда 
жояды. Кейбір туберкулезге қарсы қолданылатын : синтетикалық :қоспалар, 
сульфаниламидтер мен антибиотиктер паратуберкулездің қоздырушысын 
өлтіре алмайды, тек қана (in vitro) өсуін тоқтатады. Бүл микроб үшін ең се- 
німді дезинфектант формальдегидтің 3% сілтідегі (3% күйдіргіш натрий) ері- 
тіндісі, 20% жаңадан сөндірілген эк, 1:500 езілген алмас (сулема), ксило- 
нафтың 5% эмульсиясы болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет