Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет182/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 

айдан 
12 
айға дейін, 'ірі қара- 
да 
2-6 
жылға дейін созылады. Ауру созылмалы өтеді де, симптомсыз (латент- 
ті, субклиникалық) жэне клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі 
малдың физиялогиялық күйіне байланысты өсіп жетілуінің баяулауы, қоңды- 
лығының төмендеуі арқылы байқалады да, бірнеше жылға дейін созылады. 
Ауру әсіресе, қойда симптомсыз өтеді де, клиникалық белгілері күтімі на- 
шарлағанда, қоздағаннан кейінгі уақытта байқалады.
30-сурет. Сиырдың паратуберкулез кезінде іші өтіп, аръщтауы.
Клиникалық кезеңі басталғанда бастапқыда жануар енжар тартып, жатып 
қалады, табыннан бөлініп қала береді. Жемшөп жеуі дұрыс болғанымен күйі 
төмендейді. Терісі қатқылданып, жүні ұйпаланады. Ауық-ауық іші өткенімен, 
аралығында нәжісі қалыпты болады, сүті қайтып кетеді. Бара-бара іші жиі 
өтіп, тоқтамай қояды. Нәжісі судай сұйылып, көк-жасыл, қоңырқай тусті, 
жалқақ пен қан араласып, газ көпіршіктері мен аса жағымсыз иісі болады.
Іші өтуі ұзаққа созылып, организмдегі сұйықтың азаюынан көзі ішіне 
еніп, бұлшық еттері солып (эсіресе, сан еттері мен бел омыртқасы) жануар 
шөлдей береді. Кейде анустың сфинктері ұстамай, нәжісі еркінен тыс судай 
ағады. Малдың арты нәжіспен ластанып, сауыс болып тұрады.
Дененің ыстығы қалыпты жағдайда болады, өлер алдында төмен түседі. 
Қанда эритроциттер мен гемоглобин азайып, ядросы солға ауысқан лейко- 
пения байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер 
сиырдың аш ішегінде, мықын
ішегінде, шажырқай сөл түйіндерінде, қан тамырларында кездеседі. Ішектің
1
2 5 4


кілегей қабығы бірнеше есе қалындап, жиырылып, көлденең жэне тік қат- 
парлар түзеді, бетінде қоймалжың кілегейлі сұйық болады. Ішектің зақым- 
данған жэне зақымданбаған телімдері алма-кезектеніп ұшырасады. Қатпарлар 
тегістеген кезде жазылмайды, кілегейлі қабығы сүрғылт ақшыл түсті, кей 
жерлері қан толып қызарып, ұсақ-ұсақ қанталаған жерлері кездеседі. Мықын 
ішек пен бүйеннің аралығындағы илеоцекальдік клапан домбығып, қара 
қошқылданып, сәл көгереді.
Кілегейлі кабықтың қалыңдауы ондағы грануляциялық ұлпаның өсуінен 
туындайды. Ол эпителиоидты, лимфоидты жэне плазмалық торшалардан 
тұрады, арасында гигант торшалар мен Лангерганс типтес торшалар да кез- 
деседі. Шажырқай сөл тамырларында гранулемалар пайда болады, сөл түйін- 
дері ұлғайып, мөлшері эр түрлі эпителиоидты торшалардан тұратын сұрғылт 
ошақтар ұшырасады.
Қойдың ішегі зақымдануымен қатар әдетте шажырқай сөл түйіндері мен 
тамырларында эктенген казеозды ошақтар пайда болады. Мұндай ошақтар 
ішектің кілегейлі қабығының терең қабатында да кездеседі.
31- сурет. Паратуберкулез кезіндегі ішектің кілегейлі қабыгының цатпарлануы.
255


Түйенің аш ішегінде ошақты дистрофия жиі байқалады да, ішек жұқа- 
рып, ар жақ-бер жағы көрініп тұрады. Тоқ ішегі эр жерінен жуандап, қат7 
парланады. Шажырқай сөл түйіндері шектен тыс ұлғаяды. Сонымен қатар, 
бауыры, көк бауыры, бүйректері зақымданып, жақ асты, жұтқыншақ жэне 
шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды.
Балау. 
Диагноз қою үшін патологоанатомиялық жэне зертханалық зерт- 
теулердің нэтижесі шешуші рөл атқарады. Ағзалардағы өзгерістердің ерекше- 
ліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен 
қарайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен 
эдісімен бояу арқылы микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз 
болады.
Тірі жануарлардың нэжісіндегі жалқақты, ішегінен алынғак қырындыны 
микроскопиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен эдісімен боялған жағын- 
дыда микобактериялар қызыл-күрең түске боялып, шоғырлана орналасады.
Сиырды аллергиялық тексеру үшін қүс альттуберкулинін, ад қойды 
тексеру үшін қүстың тазартылған ППД туберкулинін қолданады.
Серологиялық диагноз үшін ІСБР қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет