м әлім етгер:ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерггенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Паратуберқулезді балау үшін аллерген ретінде құс туберкулинін
пайдаланудың себебі не? Сиырды тауықтан оқшау ұстау қажеттілігі неліктен?
Тапсырма
Паратуберкулез кезіндегі иммунитеттің ерекшеліктеріне жэне осыған
байланысты вакцина, аллергиялық жэне серологиялық реакциялардың өзге-
шеліктеріне талдау жасаңыз.
10.3. Кампилобактериоз
Кампилобактериоз (
Campylobacteriosis
) - жьіныс мүіпелері зақымданып,
іш тастаумен, қайталап күйлеумен, бедеулікпен, шала-жансар төл тууымен
сипатталатын, негізінен сиыр мен қойдың жүқпалы ауруы.
Тарихи деректер.
Алғаш рет кампилобактериоздың қоздырушысын
қойда 1909 ж., сиырда 1913ж. Мак Фрадиан мен Штокман (Англия) ашты.
Смит пен Тейлор (АҚІП, 19,19 ж.) бұл микробты
Vibrio fetus
д еп ! атады да,
ауру вибриоз деген атпен мэлім болды. Қазіргі заманғы микробтардың жүйе-
ленуі бойынша қоздырушысы
Spirillaceae
тұқымдастығының.
Campylobacter
туыстастығына жатады да, ауру вибриоз емес, кампилобактериоз деп аталады.
C.fetus,_C.sputorum__жэне__C.fecalis'>Қоздырушысы.
Жануарлар патологиясы үшін маңызды микробтың үш
түрі
C.fetus, C.sputorum
жэне
C.fecalis
деп аталады. Кампилобактериоздың
негізгі қоздырушысы -
C.fetus
үш түр тармағына бөлінеді:
C.fetus subsp. fetus
-
сиырдың кампилобактериозының қоздырушысы,
C.fetus subsp. intestinalis -
қойдың кампилобактериозының қоздырушысы,
Достарыңызбен бөлісу: |