Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет321/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Қоздырушысы 
-
M ycoplasma нуорпеитопіа
-
Mycoplasmataceae
түқым- 
дастығыньщ, 
Mycoplasma
туыстастығына жатады. Көлемі 150-160 нм, бакте- 
риологиялық сүзгіден өтеді, полиморфты, грамоң, Романовский-Гимза және 
Динс әдістерімен жақсы боялады. Қоздырушының морфологиясы қоректік 
ортаның құрамына, өсіндінің мерзіміне қарай өзгеріп отырады. Ауру малдың 
өкпесінен бөлінген қоздырушы уақ, коктар (0,8 мкм), сақина тәрізді (1-5 мкм) 
болып қеледі.
Ауру қоздырушысын зардапты материалдан алғаш бөліп алу оңай емес, 
себебД өте жай (10-30 тәулік) өсіп жэне өсу үшін арнайы сарысулармен то- 
лықтырылған қоректік орталарды қажет етеді. Микоплазманы бөліп алу үшін 
5-6 күндік тауық эмбриондарын пайдаланады. 
'
Зертханалық жануарлар ауырмайды. Биосынаманы торайларға қояды, ол 
үшін ауру малдьщ өкпесінен дайындалған езіндіні торайдың танауының ішіне 
жібереді. Ауырып жазылған шошқалардың қанында агглютинин жэне 
комплемент байланыстыратын антиденелер пайда болады.
Төзімділігі. 
Сыртқы орта жағдайына төзімсіз келеді. Тетрациклин жэне 
тилозин тобының антибиотиктері ауру қоздырушысының өсуін тежейді. 
Сыртқы ортадағы тіршілік мерзімі қоршаған ортадағы ылғалдылық, ультра- 
күлгін сәуле, жылу мөлшеріне байланысты: 5-10°С жэне ылғалдылық 75-80% 
кезінде 6-28 тэулікке дейін, сабан төсеніште 1-5 тәулік, 20°С температурада 
бірнеше айға дейін тіршілігін сақтайды.. 50°С-тан жоғары қыздырғанда сол 
сәтте күшін жояды. Кәдімгі қолданылатын дезинфектанттар жақсы эсер етеді.
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда бүл аурумен 6-7 айға дейінгі 
торайлар ауырады. Сақа шошқалар төзімді келеді, ауырған күнде жеңіл түрде 
өтеді. Ауру қоздырущысының бастауы - ауру жэңе ауырып жазылған іпошқа- 
лар, олар түшкіргенде, жөтелгенде жэне сүтпен, қынаптан аққан бөліндімен 
микроб сыртқы ортаға тарайды. Жаңа туған торайларға ауру көбінесе енесі- 
нен жүғады. Сондай-ақ, ауру сау малдарды ауру немесе жасырын ауру мал- 
дармен бірге, дұрыс зарарсыздандырылмаған қораларда ұстағанда жүғады. 
Жасырын ауру малдар қоздырушының өмір бойы алып жүрушілері болып 
есептелінеді.
Энзоотиялық өкпе қабыну кэдімгі тыныс жолдарының инфекциясына жа- 
тады жэне шаруашылық ішінде ауа-тамшылы жолмен тарайды.
Індет процесіне ауру ошақтарының тұрақтылығы жэне оның қарқындық 
көрсеткішінің спорадиядан індетке дейін өзгеріп отыруы тэн болады.
Шошқа өсіретін шаруашылықтарда ең жоғарғы ауруға шалдығу көрсет- 
кіші торайлау мен торайларды енесінен ажырату кезеңіне келеді, ал шошқа 
бордақылайтын шаруашылықтарда жаңа мал басын жинақтағаннан кейінгі 
алғашқы 2-3 айда байқалады. Аурудың таралуына жэне өтуіне көптеген фак- 
торлар әсерін тигізді, соның ішінде зоогигиеналық, ветеринариялық-санита- 
рпялық, технологиялық ережелердің сақталмауы, малдардың аскаридоз, мета- 
странгилез, т.б. тоғышарлармен зардаптануы.
Мүндайда ауру көбінесе қосалқы инфекциялармен (эсіресе, пастереллез) 
асқынады. Сондай-ақ, кейде шаруашылықта энзоотиялық өкпе қабыну мен 
жүқпалы атрофиялық ринит қатар байқалады.
405


Аурудың індеттік өрбуінде ауру қоздырушысыньщ уыттылығымен қатар 
оның организмге енген мөлшері де үлкен рөл атқарады. Қоздырушы. көп 
мөлшерде түскен жағдайда, ауру өзіне тән клиникалық белгілермен білінеді, 
ал аз болғанда ауру жасырын түрде өтеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 40%, 
ал шығын 2-15% болады. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет