Дауалау және күресу шаралары.
Дауалау шараларының негізінде мал
басын құрастырғанда және толықтыру үшін шошқаларды ауру жоқ сау ша
руашылықтардан экеліп, ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақ-
тау керек.
Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа карантин қояды. Нүсқауға сәйкес
барлық ауру жэне ауру жөнінен күмэнді шошқаларды сойып, олардың етін
жэне өнімдерін пісірілген шүжық жэне консервілер дайындауға пайдаланады.
Аурудың белгілері жоқ сау шошқаларды вакциналайды. Вакцинаны 1 мл ден
арасында 14 күн салып 2 рет мойынның, не санның бүлшық етіне егеді. Ауру
малдарды сойғаннан кейін шошқа қораларды, олардың төңірегін 2-3% күйдір-
гіш натрийдің ыстық ерітіндісімен зарарсыздандырады.
Шаруашылықтан карантинді соңғы ауру мал жазылғасын, не өлгесін (не
сойылғасын) 40 күн өткеннен кейін, қажетті ветеринариялық-санитариялық
шараларды орындап барып алады.
Атаулар мен ұғымдар
Энзоотиялық энцефаломиелит, Тешен ауруы, Encephalomyelitis enzootica,
энзоотический энцефаломиелит, болезнь Тешена, Porcine enterovirus, Пе-
речинский-624 штаммы вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1.
Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
12.8. Энзоотиялық пневмония
Энзоотиялық пневмония
(Pneum onia enzootica,
энзоотическая пневмо-
ния) - созылмалы түрде өкпе мен бронханың қабынуымен, мезгіл-мезгіл қы-
зынумен, жөтелмен, торайлардың өсуінің тежелуімен, ал асқынған жағдайда
титықтап жүдеуімен ерекшелінетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер.
Ауруды алғаш 1903 ж. У. Грипс анықтап, оны пасте-
реллездің созылмалы түрі деп есептеді. Көп
уақытқа
дейін аурудың негізгі
қоздырушысы анықталмай келді. Ғалымдар арасындағы ұзаққа созылған та-
ластың шешімін бір мезгілде 1965 жылы американ ғалымдары К.Мере,
У.Свайцер мен ағылшын ғалымдары Р. Гудван, т.б. аурудың шын қоздыру-
шысы
Mycoplasma һуорпеитопіае
деп анықтады.
Қазіргі кезде энзоотиялық өкпе қабыну көптеген елдердің шошқа шаруа-
шылықтарында жиі кездесіп, айта қаларлықтай шығынға үшырататын індет
болып есептелінеді.
404
|