ліктері, дерттенуі, ш уі мен симптомдары,
патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
12.7 Энзоотиялық энцефаломиелит
Энзоотиялық энцефаломиелит,
Тешен ауруы
(Encephalomyelitis enzoo-
tica,
энзоотический энцефаломиелит, болезнь Тешена) - көбінесе жіті түрде
байқалып, ми мен жұлынның қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер.
Ауруды алғаш анықтап жазған 1930 ж Трефни болды.
Ол бұл ауруды шошқалардың арасында Чехословакияның Тешен деген же-
рінде болғанда байқаған болатын. Үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарында жер
жүзінің көптеген елдерінде кеңінен тарапды. Аурудың клиникалық белгіле-
ріне, өтуіне, бейім шошқалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты ауру эр
жерде эр түрлі атпен (шошқа полимиелиті, Талфан ауруы; торайлардың эн-
цефаломиелиті) аталды. Бірақ, кейінгі кездегі жүргізілген зерттеулер бүлар-
дың көпщілігінің негізінен Тешен ауруы екенін дәлелдеп отыр.
Қөздырушысы
-
Porcine enterovirus
кұрамында
РНҚ бар
Picornaviridae
тұкымдастығына,
Enterovirus
туыстастығына жататын вирус. Көлемі 25-30
нм, сыртында қабықшасы бар, эфир, хлороформ, трипсинге жэне pH 2,8-9,5
аралығында ерітінділерге төзімді келеді. Вируспен зертханалық жануарлар
ауырмайды. Биосынаманы торайларға қояды.
Шошқа ұлпаларынан дайындал-
ған торша өсінділерінде өсіп, ЦПӘ туғызады.
Төзімділігі.
Вирус ыстыққа біршама төзімді, 60°-та тек 20 минуттен ке-
йін күшін жоғалтады. 37°С-та 17 тәулікке, 0,4°С
бір жылға, тұздалған ётте,
қора-жайда, қида 6-8 аптаға дейін күшін жоймайды. Шіріген материалда кү-
шін тез жояды, сондықтан тексеруге алған материалды сол бойда глицериннің
50% ерітіндісіне немесе антибиотиктер қосылған Хенкс ерітіндісіне салып,
мүзы бар термосқа орналастыру керек.
Дезинфекция үшін қүрамында хлоры бар қосындылар, формальдегид
және күйдіргіш натрий пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: