Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет393/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Алеут ауруында қарсы иммунйтет 
қалыптаспайды. Аурудьщ алдың алу үшің күзендерді, ИЭОФР бойынша үш 
мәртебе тексереді: аналық топты қалыптастырғанда, ылығу науқанынан 15-25 
күн бүрын, жазда еркек күзендер мен күшіксіз қалған ұрғашыларын. Ауруға 
шалдыққандарын оқшаулап, емдеп, жүні жетілгенде сояды да, орынына сау 
аңдарды әкеледі.
Дауалық жэне лажсыз дезинфекцияны 
.5%
формалин, 2% күйдіргіш 
натрий ерітінділерімен жасайды. Негізгі төл беретін аңдардың тобынан 3 рет 
ИЭОФР бойынша теріс нэтиже алынғанда шаруашылық сауықтырылды деп 
есептелінеді. Жаңадан экелінген күзендер 30 күн карантинге қойылып, 
ИЭОФР бойынша тексеріледі.
Атаулар мен үғымдар
Күзеннің Алеут ауруы, Алеутская болезнь норок, Morbus Aleutica lutreo- 
lurum, Aleution mink disease parvovirus. Иммуноэлектроосмофорез реакциясы.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы,1 індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
15.5. Үй қоянының миксоматозы
Үй қоянының миксоматозы 
(Myxomatosis cuniculorum,
миксоматоз кро- 
ликов) - көздің конъюнктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, 
сыртқы 'жыныс мүшелері мен дененің басқа да телімдерінің теріасты піелінің 
домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Миксоматоз европалық үй қоянының аса қауіпті 
ауруы ретінде 1896 ж Оңтүстік Америкада байқалды. Оны тұңғыш рет 1898 ж 
Санарелли сипаттады. 1950 ж бастап миксоматоздың вирусын Австралияда 
шектен тыс көбейіп, егіндік пен жайылымдыққа зор шығын әкелген қоян- 
дардың арасында әдейі індет тарату үшін қолданылды. Басында бүл аурудан 
қояндардың 
99%
дейін өлгенімен, кейін оларда вирусқа төзімділік пайда 
болып, өлім көрсеткіші 25%-ға дейін кеміді. 1952 ж Францияда миксома- 
тоздың вирусы қояндарға қарсы қолданылып, ауру Европаға жайылды. Қазір 
миксоматоз қоянның қауіпті ауруының біріне айңалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет