Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет411/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Аэромонозбен тұқы балық, сазан жэне олардың 
будандары ауырады. Сонымен қатар, табан балық, қара балық жэне басқалары 
шалдығады, әсіресе, 2-3 жасар тұқы жиі ауырып, жаппай шалдығады да, зор 
шығынға ұшырайды. Аурудың байқалуы судың температурасына байланыс- 
ты болады. Жылы аймақта 1-2 жасар балық ауырса, орталық және солтүстік 
өлкелерде 2 жастан жоғары балықгар ауырады.
67-сурет. Аэромоноз кезіндегі балықтың денесіндегі ойылымдар.
492


Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жэне микроб алып жүретін 
балықтар. Олар қоздырушыны экскременттері арқылы бөліп шығарады. Су 
қоймаларында бактериялар ұзақ уақыт сақталады. Бір су қоймасынан екін- 
шісіне микроб балықты бақылаусыз тасығанда, сумен зақымданған балықтар 
өздері жүзіп келгенде, балықпен қоректенетін құстар арқылы, балық аулай- 
тын жабдықтармен беріледі. Қоздырушы балық денесіне зақымданған тері, 
ауыз жэне желбезек арқылы енеді. Сонымен қатар, тоғыштар шаяндар, сүлік 
арқылы берілуі де мүмкін. Аурудың таралуына балықтың тығыз орналасты- 
рылуы, жарақттану, жайсыз гидрохимиялық жағдайлар (оттегінің жетімсіз- 
дігі, төменгі pH) эсер етеді. Аэромоноз эдетте көктем мен жазда байқалады. 
Кейде жаздың соңында да, әсіресе, бір жастағы балықтардың арасында кезде- 
седі. Аурудан балықтардың шығыны 25-30% мөлшерінде болады.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 3-30 күн. Ауру бір мезгілде 
эртүрлі балықтарда жіті, жітіден төмен жэне созылмалы етеді.
Жіті өткенде жүзу қанатының, денесінің кей жері немесе түтастай терісі 
қабынып, ошақтанып қанталайды; қүрсағында жэне бүкіл денесінде сүйық 
іркіліп, көзі шарасынан шығып, қабыршақтары түсе бастайды. Қабыршықта- 
рының астында мөлдір немесе қан аралас сұйыққа толған қолдырауықтар кез- 
деседі. Артқы тесігі томпайып, ішін басқанда одан созылып қоймалжың сү- 
йық ағады.
Жітіден төмен өткенде экссудаттық процестер бэсең болады. Денесінің 
эр жерінде терісі өліеттеніп, эртүрлі ойылымдар пайда болып, олар астында- 
ғы бұлшық етті зақымдап, сүйекке, тіпті ішкі ағзаларға дейін, тесілуге экеп 
соғады. Кейде ойылған жарақатты зең саңырауқұлағының жіпше желілері ба- 
сып кетеді. Ойылымның шеті бастапқыда қызыл түсті, кейін ақшыл белдеу- 
мен көмкеріледі. Көбінесе жүзу қанатының жарғағы өліеттеніп, ортасындағы 
қылтанақтары жалаңаштанады.
Аурудың аталған екі түрінде де балық көп қозғалмай, таза су ағынына 
келіп, судың бетінде қалқып, сыртқы әсерді қабылдамай, денесін толық игере 
алмай, өліп қалады.
Аурудың созылмалы өтуі эдетте жаздың соңы мен күзде байқалып, ауыр- 
ған балық көбінесе жазылып кетеді. Балықтың денесінде ойылымдар байқа- 
лып, олар дэнекер үлпамен тыртықтанып, бітіп, орны көк теңбілденіп, уақыт 
өте келе білінбей кетеді. Жарасы жазылған соң, егер ол ауқымды болса, 
омыртқасы, көбінесе артқы жағы қисайып бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет