тылай
ауасыбағалы, қарапайым орталарда жақсы өседі, лайықты өсу темпера-
турасы 20-37°С, pH 7,2-7,4. Спора микроб өскенде лайланып, бегінде қабыр-
шақ пайда болады.
Агарда іші, шеті жақсы көрінетін, тегіс, ортасы күңгіртте-
ніп келген, оңай шайылатын шоғыр түзеді. Агарда тұтасып өскенде түсі бү-
лыңғыр жасыл болады.
Жас өсіні қозғалмалы штаммдары ара үшін уытты келеді, маңнит пен
лактозаны ыдыратпайды, индол түзбейді, бірақ глюкоза мең адонитті ыдыра-
тады, оң Фогес-Проскауер
реакциясын береді, көбінесе күкірт сутегін түзеді,
желатинді баяу ерітеді.
Ауру қоздырушысы 73-74°С-ка кыздырғанда 30 мин, 100°С-та 3 мин
өледі. Күн сэулесі мен формалин буы 7 сағатта өлтіреді. Өлген араның дене-
сіндегі микроб күн көзінде 30 күнге дейін сақталады.
Індеттік ерекшеліктері.
Ауру қоздырушысы табиғатта кең дараған. Оны
топырақта, суда, араның сау үяларында кездестіруге болады. Араның денесіне
эртүрлі жолмен түседі, оның гемолимфасына енуіне, іштің өтуі,
араның дене
ұлпасының әртүрлі тоғышарлар(шыбыи, кене, зауза қоңыздарының балапан
құрттары) эсерінен бүлінуі себеп болады.
Өтуі мен симптомдары.
Септицемияның өрбуіне жазғы жауын-шашын-
ның, ара ұясына жауын суынның өтуінің, омартаны батпақты сазды жерге
орналастырудың әсерінен болатын
ауаның жоғары ылғылдылығы, қысқы
қоректің сүйық, нэрсіз болуы ықпал етеді.
Ауру айқын өткенде ара ұясы элсірейді де, жасырын өткенде бірен-саран
ғана шығын байқалады. Ауырған ара мазасызданып, кейіннен . қимылсыз
қалады.
Ауру жіті өтеді, ауырған араның гемолимфасы ағарып, сүтке ұқ-
сайды. Аурудың белгісі басталған,соң-ақ бірер сағатта ара өліп қалады. Өлген
араның денесі тез ыдырайды. Кеуде еті сұрғылт түске еніп, кейін қоңырқай
тартып, қарайып кетеді. Хитин
қабығының қоспалары ыдырап, өлексені қоз-
ғағанда денесі шашылып қалады. Басы, мүрты, қанаттары бір-бірінен ажырагі,
құрсағы сегменттерге, аяқтары мен мүрты бунақтарға ыдырап, түктері кути-
кулдан ажырайды.
Балау.
Сыртқы белгілері бойынша септицемияға
алдын ала диагноз қоя-
ды. Зерттеу үшін ағарған гемолимфаны алып, одан септицемияның қоздыру-
шысын бөліп алады. Бактерияны суға араластырып, сау араларға бүркіп .био-
логиялық сынама қояды.
Достарыңызбен бөлісу: