Төрт тұрман.
Тілімізде
төрт тұрманы
түгел,
тұрманы түгел
тәрізді тұрақты сөз орамдары бар. Бұл
фразеологизм қазіргі кезде
«ешнәрсеге мұқтаж емес деген» мағынаны білдіреді.
Төрт тұрманның
ертеректегі мағынасы басқашалау. Байырғы кезде ел қорғаған батырдың
алдымен
төрт тұрманы түгел
болуы керек. Атақты Шернияз ақын:
Сағынам ауызға алсам Исатайды,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы, -
дейді.
Әдетте төрт тұрманға сарбаздың 1. ер-тұрманы (ер, құйысқан,
өмілдірік, қамшы, үзеңгі т.б.); 2. мүкәммалы (кісе, дәндәку, кемер,
белдік, күдері белбеу т.б.); 3. жау жарағы, қару қаттауы (сауыт, дулыға,
қалқан т.б.); 4. бес қаруы жатады. Байырғы өлең-жырларда ер-тұрманға
байланысты
«Құйысқаны құйма алтын, үзеңгісі үзбе алтын, қоңыраулы
құйысқан»
тәрізді тұрақты сөз орамдары жиі кездеседі.
Жағасы алтын,
жеңі кез, шығыршығы торғай көз (Ақтамберді Сарыұлы), береңгілі бек
сауыт, шығыршықты көк сауыт (Шынтасұлы Төрехан); ақсырмалды
сауыт (Ер Төстік)
дегендері-сауыт, көбенің түр-түріне байланысты
айтылатын тұрақты теңеулер.
«Жау-жарақ атадан балаға қалатын
мұра»
деп отырады қариялар.
«Бектен белгі
–
белге медет»
деген мақал
жау-жараққа қатысты айтылады.
Сондай-ақ, қалқанның түрлеріне де қатысты айтылатын тұрақты сөз
орамдары, әсіресе, эпос тілінде аса мол:
құрама болат дулыға, айдарлы
алтын дулыға, кіреуке көзді сауыт, шарасы алтын ақ қалқан
т.б.
13
Достарыңызбен бөлісу: