Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

қасалақ оқ
(Қозы Көрпеш)
, Қарға жүнді қамыс оқ, Күшіген жүнді
қамыс оқ, Тазқараның тайлақ жүнімен жүндеген оқ
тәрізді тұрақты сөз
тіркестері ауызша мұралар тілінде өте мол. Осылардың қатарында
 тоқал
оқ
тәрізді атаулар да кездеседі.
 Тоқал оқ
– қорамсақтағы жебені сындыру
үшін қолданылатын оқ. Бұл сөзді «Ер Тарғын» жырының Радлов
нұсқасынан кездестіреміз. Ауыз әдебиеті мұраларының айтар сыры көп.
Садақ жебелерін «қатарлап кетпен қойып сынап көру» дәстүрлі әр түрлі
әпсаналарда, жырларда жиі кездеседі. Мұндай этнографиялық
деректердің кейбір үлгілері мына тәрізді.
«Төстік садақ тартып
үйренді. Тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді» 
(Ер Төстік).
Қатарлап он кетпенді оқ салалық,
Қатарлап он кетпенді алып кепті,
Өңшең батыр сауықшыл бәрі епті.
Біссіміллә деп Ер Қозы тартып еді,
Он кетпеннен қол оғын безеулетті 
(Қозы Көрпеш).
Тап осылайша жебе сынау тәсілі қазақтар арасынан К.Чермак жазып
алған «Қызыл Кеніш» атты аңызда да бар.
«Бақташы бала садағына
салып атқан жебесі қатар кетпеншотты тесіп өтеді»  
17
.
Жалпыхалықтық тілде мылтықтың түр-түріне байланысты айтылатын әр
түрлі көне атаулар бар. Ондай көне сөздердің аса құнарлы мал тобын
байырғы ақын-жырауларымыздың жыр кестесінен жиі кездестіреміз:
Он екі құрсау жезайыр, 
Қара мылтық жұмсағаң 
(Ер Шобан). 
Жырдағы
жезайыр –
ұзындығы бір сажын, түйемен алып жүретін
пушка
18
. Ал қара мылтық деген тіркес білтелі мылтықтың бір түрі болса
керек. Қырғыз тілінде
 қара мылтық 
«пистонсыз атылатын мылтық»
19
.
М.Әуезовтей көркем сөз зергерінің тіл өрнегінен ел ішінде
айтылатын сөз қазынасының не бір сирек үлгілерін ұшыратамыз.
Солардың бірі
үрімді мылтық.
Жазушы
үрімді мылтық
сөзін мынадай
контексте қолданады.
«Керейден Бегеш деген кісі Абайға елші боп кеп:
17
Г.Н.Потаниннің 70 жасқа толу құрметіне арналған жинак СПб., 909, 212-218 б.
18
Будагов Л., 436-б.
19
Юдахин К К. Киргизско-русский словарь. М., 1965, 346-б.
29


Ерге жара түйін деген. Үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі. Біз
Керей, Найман елміз, қасындамыз. Ағайыныңа не қыл дейсің?» – дейді
(М.Әуезов). Осындағы
«үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі»
деген
фразеологизмге назар аударсақ,
үрімді мылтық – «үрімі»,
яғни
Рум
(Византия)
 мылтығы
дегенді аңғартатын тәрізді.
Әдеби мұралар тілінде кездесетін
үш тосарлы қанды ауыз
(І.Жансүгіров),
кер мылтық
дегендер мылтықтың сирағына (аяғына)
байланысты айтылса, құндағының көлеміне қарай 
әукелі құндақ ақ перен
(Нұрхан Ахметбекұлы) деп те қолданылған. Ал мылтықтың қысқалауы -
ақшолақ
(Н.Ахметбекұлы), ұзындауы
- ақ сырық мылтық
(Қыз Жібек),
шаңғыл
(винтовка),
 самқал 
20

Оғы алысқа ұшатындары
 қозыкөш 
(Шоқан
Уәлиханов) деп аталған. Алысқа ататын мылтықтың тағы бір атауы -
қорама мылтық
21
.
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Осындағы
орама мылтық
жоғарыда аталған
қорама мылтықтың
нұсқасы болуы ықтимал.
Бес қаруға
жататын
айбалта, найза, сүңгі,
шоқпардың (келтек, сота)
түр-түріне қатысты айтылатын
 алмас құрыш
айбалта, тарақ балта
(Қамбар),
толғамалы ала балта, жалманы
қарыс балта, алты құлаш ақ найза, қималы найза 
(Махамбет)
, Қобылан
соққан ақ найза
(Сүгір Мырзалыұлы) тәрізді тұрақты тіркестер мен
атаулар эпос, жырлардың сөз байлығы. Бұлар ақын, жазушыларымыздың
сөз байлығының сарқылмас қайнар көзіне айналған. Мысалы, 
төсжара
қайың шоқпар, сегіз қырлап жонған қайың шоқпар
дегендерді
М.Әуезовтың тіл кестесінен кездестіріп отырамыз.
Алты құлаш ақ найзамен қатар
айтылатын қарудың бірі 

ақ сүңгі:
Алты қырлы ақ сүңгі
Оң қолына алғанда
Қындағы алтын айбалта,
Аш беліне шалғанда 
(В.В.Радлов).
20
Будагов Л., 661, 692-б.
21
Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика. Кандидаттық диссертацияның
авторефераты. Алматы, 1973,5-б.
30


Ақ сүңгі
– найзадан бөлек, сабына шыжым байлаған, бастан асыра
шыр айналдыра лақтыратын қару. Осы қарудың сипаты Нұрхан
Ахметбекұлының дастандарында тайға таңба басқандай айқын
баяндалады: 
Ағаш сапты ақ сүңгі
Өзек құлаш шыжыммен
Шырлатып жауға лақтырған.
Байырғы ақын, жыраулардың сөз өрнегінде әлі де танылмай жатқан,
ашылмай жатқан құпиялар бар. Доспанбет жырауда:
Сақетер тиді саныма, 
Сақсырым толды қаныма 
Жара бір қатты, жан тәтті, 
Жара аузына қан қатты,
- деген жолдар бар.
Сақетердің
қандай қару атауы екені қазіргі оқырманға күңгірт.
Профессор С.Аманжоловтың көрсетуінше
 сақетер – 
қылыштың бір түрі.
Бұл сөзді қырғыз тіліндегі
шалк етме
«шынжыр, тәрізді ескілікті
қарудың түрі»
22
дегенмен де салыстыруға болатын тәрізді. Ал
сақсырдың
қандай мағынадағы сөз екенін ноғай тілінің дерегімен
салыстыра отырып анықтауға болады. Ноғай тілінде
сақсыр
қой
терісінен (жүнін ішіне қарата) жасалған шалбар
23
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет