Намазшам. Намазшам діни салтта төртінші намаздың аты, парсы
тілінде
шам «кеш» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді де шаруа адамы
байырғы кезде мезгілді білдіру мақсатында қолданған.
Намазшам мезгілінде бие ағытып, екі айғыр желі басында жатып қалды (Қозы
Көрпеш-Баян сұлу)
. Кеш мезгіліне қатысты, оның шақтарын нақтылай
түсетін
ымырт жабылды; шам жамырады, сам батты, ақсам батты т.б. тұрақты тіркестер бар.
Ақ сам батпай түн шықпас, ажал жетпей жан шықпас (Бұқар).
Түн баласы күндіз баласы тәрізді бірнеше шаққа бөлінеді. Оларға
тоқталмас бұрын, алдымен
түн сөзін моңғол тілі дерегімен салыстыра
қарауға болады. Көне моңғол тілінде
сөни «түн»,
сөнебе «сөнді» деген
мағынаны білдіреді
45
. Қазіргі моңғол тілінде
шөне – «түн»
46
. Бұған
қарағанда,
сөн, түн сөздерінің негізі бір тәрізді. Ал сөз басындағы [с, ш,
т,] сәйкестігі дыбыстардың кездейсоқ алмасуы емес. Түркі тілдерінде [с,
ш, ч] дыбыстарының
[т]-ға алмасуының мынадай мысалы бар:
ұйғырша, татарша
сычкан, «мышь», түрік, азербайжан, түрікменше
сычан, қырғызша
чычқан, қазақша
тышқан 47 . 45
Замахшари. Мукаддимад ал-адаб (Сөздіктегі моңғол тілінің материалы 1492 жылға қатысты).
46
Монгольско-русский словарь, М., 658-б.
47
Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков. М., 1955, 151-б.
39
Қас қарайып, көз байланған шақ; екі кештің арасында; ел орынға отырған мезет деген тіркестер де түннің басталар мезгіліне байланысты
айтылады. Мұндағы
қас «жан», «маңай» дегенді білдіреді.