Оларға келсе жүгініп, Залымға қаһар тігіліп. Көп ұзамай кесілген
Қара даудың шылбыры, –
деген жолдар да
қара қылды қақ жару
этнографизмін еске түсіреді. Билікке байланысты айтылатын би
сөздерінің бірі
айттым
–
бітті, кестім
–
үзілді.
Осындағы
кестім
–
үзілді
деу де әуелде дауласушы екі жақтың арасындағы жіпке (қылға)
орай айтылған.
Қазіргі кездегі мүлдем ұмытылған ескі наным-сенімге байланысты
пайда болған тұрақты сөз тіркестерінің де саны едәуір. Солардың бірі –
соқыр түйе.
Ертеректе Жетісу жерінде Ақжал деген бір атақты сәйгүлік болса
керек. «Ақжалды маған бер, мен оның орнына түйеден бір соқыр
айдатамын» – деген екен. Оның мәнін аңғармаған ат иесі «Қырық түйеге
бермеген Ақжалымды соқыр түйеге теңгермекпін бе?» деп кейіпті.
Осындай ел аузындағы салттық сөзі ұлы жазушы М.Әуезов
кейіпкердің тіл ерекшелігін аңғарту мақсатымен былай деп қолданады:
...Кітаптың жолына саусағын қадап тұрып сипай қамшылағандай
ғып, ақырын көлгір ғана жүзбен кемпірге қарап: - Сіздің түйеңіздің
саны неше соқыр болған ет осы, бәйбіше? - деп қойғанда, Несібелдінің
өзі де жарылып күліп жіберді
(Білекке-білек).
Соқыр түйенің
ертегі
кейіпкері ретінде де кездесетіні белгілі. Ал осы
соқыр түйеде
не сыр
51
Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы. 1979. 152-б.
42
бар? «Түйе – төрт түліктің төресі» дейді халық. Түйесі жүзге жеткен мал
иесі ырым етіп, жүзінші түйенің бір көзін ағызып отырған. Түйең нешеу
деп сұраған адамға тура санын айтпай «бір соқыр» немесе «екі соқыр»
дейтін болған
52
. Онысы – жүз, немесе екі жүз дегені.
Ертегіні еске түсірсек, өзге түлік баласынан «соқыр» кездеспейді.
«Соқырдың» тек «түйеде» болуы әлгідей ескі наным-сенімге
байланысты сияқты.
Елу жылда
–
ел жаңа, жүз жылда
–
қазан.
Сөз мерекесінде отырған
кәрі құлақ қария осы сөз орамының астарлы түйінін былай ден таратқан
еді: «Елу жыл өткен соң туған еліңе барсаң, өзгерген өмірді байқар едің.
Қатар құрбың сирексіп, балаң, тіпті, балаңның баласымен жасты жаңа
ұрпақты көрер едің. «Елу жылда ел жаңа» деген осы емес пе? Ал «жүз
жылда – қазан» дейтіні – ескі көзден кім қалды? Ескі орнын тауып, жаңа
ұрпақ салтанат құрады».
Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтың
өмірден түйген терең мағыналы пайымдауы жатады. Кейде осындай
мазмұнды сөз орамдарын тым арзан қолданып жүрген жоқпыз ба деп,
көнілге күдік ұялайды. Әсіресе, газет-журнал, радио, телевизия
хабарлары тіліне назар аударсақ, көшеге асфальт төселсе де, шеберхана,
салынса да,
елу жылда
–
ел жаңа
деп қолдана беретінін байқаймыз.
Шаңырақ көтерді де
осы тәрізді.
Бордақылау комплексі шаңырақ
көтерді, жаңа цех шаңырақ көтерді
деп талғаусыз жұмсағандықтан, бір
кездегі нәрлі, әсерлі сөз орамы «атқа жеңіл құдашаға» айналып барады.
Дарқан, майталмандармен
келетін тұрақты тіркестер ше? Бұл – сөздің
құнсыздыққа ұшырауы. Ондай сөз терең мазмұндылығынан,
нәрлілігінен, сонылығынан айрылып, қасаңдану тәрізді жағымсыз
құбылысқа айналды.
Тілдегі көне элементтер, есте жоқ ескі сөздердің, тұрақты сөз
орамдары мен қос сөз құрамында жиі ұшырайды. Сондықтан бұларды
салыстыра қарастырудың мәні ерекше.
Ана тіліміздің сөздік құрамынан қос сөздердің айрықша орын
алатындығы белгілі. Күнделікті тіл қолданысымызда қос сөздерге назар
аударсақ, олардың мағынасы, аңғартар ұғымы кімге де болса белгілі.
Мысалы,
тоқты-торым, ем-дом, телегей-теңіз, ығай-сығай (ығай мен
сығай), сәлем-сауқат,
т.б. Мұндай қос сөздердің
тоқты, ем, теңіз,
52
Арғымбаев X.Қазақтың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялық очерк. Алматы,
1969, 77-б.
43
сәлем
тәрізді сыңарлары өзінен-өзі түсінікті,
ал торым, дом, телегей,
сауқат
тәрізділер көбіне сол «түсінікті» сыңардың жетегінде айтылады.
Дербестігі жоқ, жетекте жүретін ондай сыңарларды әр түрлі деректермен
сатыстырудың мәні айрықша. Өйткені, бір тілде көмескі тартып, ұмыт
бола бастаған қолданыс ертедегі тіл ескерткіштерінде, туыстас, көршілес
тілдердің бірінде көне күйін, байырғы қалпын сақтап қалуы ықтимал.
Мысалы,
тоқты-торым
дегендегі
торым
көне түркі тілінде
«бота»
53
дегенді білдірсе,
ем-дом
сөзіндегі
дом-
ның мағынасы – моңғол
тілінде «арбаушылық», «сиқыршылық», «тәуіпшілік»
54
.
Телегей-теңіз
дегендегі телегей көне моңғол тілінде
делекей
– «әлем,
жер жүзі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл қолданысымызда
теңіз
сөзімен қосарлана айтылатын бұл сөз бір кезде дербес мағынада
жұмсалған. Әйгілі Сегізсері Баһрамұлы (1818-1894) айтты деген
мынадай өлең жолдары бар:
Сөйлесең сөз шығады лебізіңнен,
Телегей тең болмайды теңізбенен.
Қыста Арқа, жазда Сырдың бойын жайлап,
Өтіпті әсем жігіт Сегіз деген
55
Мұндай қолданысқа қарағанда
телегей
сөзі байырғы кезде халық
тілінде «мұхит» деген ұғымды да білдіргендігін байқауға болады.
Туыстас түркі тілдерінің кейбірінде
телегей
«теңіз», «мұхит»
мағынасында жұмсалынады.
«Кілең мықты» деген мағынаны білдіретін
ығай-сығай
қос сөзінің
негізгі сыңары –
сығай,
ал
ығай
– оның дыбыстық өзгеріске
ұшырағандағысы. Жеке алғанда
сығай
сөзінің нендей мағынаны
білдіретіндігін бірден байқай қою қиын. Енді осы сөзді өзге бір
сыбайлас сөзбен салыстырсақ, сөзге сөз сәулесін түсіріп, көмескілік
сейілткендей болады. Сондай сөздердің бірін ұлы қаламгер М.Әуезовтың
«Қараш-қарашынан» кездестіреміз:
Соңғы кездегі қуғын әлденеше
жақты болуға айналды. Бір жағынан, он шақты кісіні қолдарына
мылтық, қару-жарақты сығайлап беріп, күндіз-түні тау-тастың
барлығын кезгізуден басқа, тау ішінде отырған елді де мұның соңына
53
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы, 1966, 187-б.
54
Монгольско-руский словарь. М., 1957, 151-б
55
Керейлер керуені. Өлгий, 1978, 74-б.
44
салмақшы болды.
Мұндағы
сығайлап
сөзі қазіргі
сайла-
ның байырғы
нұсқасы.
Сығай
сөзінің ықшамдалған түрі –
сай.
Бұл сөздің қазіргі тіл
қолданысымызда «лайықты», «мықты», «келісті» деген мағынада
жұмсалатындығын мынадай тұрақты тізбектерден байқаймыз:
төрт
құбыласы сай, сай күлік (сайгүлік), бір түлікке бай болғанша, төрт
түлікке сай бол,
т.б. Тілімізде түп төркіні өзара салыстыру арқылы
ашылатын бұдан басқа да бірталай қос сөз сыңарлары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |