қадайтын меруерт бұршағы (Ә.Марғұлан).
Көзотаға
жай ғана әшекей
сәндік бұйым емес. Ол – ақсүйектікті, төре тегін білдіретін ерекше белгі.
Осыған ұқсас жайды қазақтың көркем жырларынын бірі «Арқалық
батырда» да ұшыратамыз:
Бір жерге кеп тұрып ем, үйме-жүйме,
Сары жарғақ, сары шалбар, алтын түйме,
Бір жалғыз қара ала атты тура салды.
Зәнгі екен қызыл тасты тұтқан күйде .
Зәңгілер (моңғолша – дзанги, «лауазымы кіші чиновник») дәрежесіне
қарай ақ, сары, қызыл тас тағып жүреді. Сонымен,
құрдас
сөзі
бастапқыда жас шамасы қарайлас адамдар жөнінде емес, лауазым,
дәрежеге байланысты қолданылған. Халқымыздың асыл мұрасы
«Қобыланды батыр» эпосынан
құрдас
сөзінің
ерекше қолданысын
кездестіреміз:
Жая менен жал құрдас, Шекер менен бал құрдас. Көбіктінің көп
жылқы, Олжа қоспай ал, құрдас.
Қазіргі тілдің межесі тұрғысынан қараған адамға
жая
мен
жал,
шекер
мен
бал құрдас
деу қисынсыз көрінуі ықтимал. Шындығында,
құрдас
сөзінің байырғы кезде дәрежелес, лауазымдас, қатар, тең деген
орайда жұмсалатындығын еске алсақ,
жая
да
, жал
да қонақ құрметтеуде
орны бірдей аса сыйлы тағам дегенді аңғартатыны байқалып тұрады.
Мұндайда байырғы мұраның жыр жолдарына қазіргі тілдің межесімен
қарамай, өткендегі жай-күйінен хабардар болып оқудың айрықша әсері
бар.
Достарыңызбен бөлісу: