Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет38/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

Сай-сүйегің сырқырар, 
Шырқаса Жамал желпіне 
(Қ.Айнабеков). 
Осы фразеологизмді көркем проза тексінен де кездестіреміз.
 Зеңбірек
пен танк гүрілінен тас үңгірдің
сай-сүйегі сырқырағандай,
сенің
денеңде де болмашы діріл сезіледі 
(Ғ.Мүсірепов. Қазақ солдаты). Бұл екі
контекстегі фразеологизмнің лексика-семантикалық құрылым-құрамы
жағынан бір-бірінен еш айырмасы жоқ деуге болады. Бірақ екеуінің әсері
екі басқа екендігі қалай да сезіліп тұрады. Бірінші контекстегі
фразеологизм адамға қатысты айтылып, дағдылы қолданыста жұмсалып
тұр. Ал екінші контексте тосын халге түсіп, дағдылы қолданыстан
ауытқыған: жанды затқа тән іс-әрекетті жансыз нәрсеге теліп айту
айрықша әсер тудырып тұр.
Үңгірдің сай сүйегі сырқыраған
деп,
жансызды жандыға айналдыру, жанды нәрсенің бойында болатын
психологиялық күйді жансызға телу тәсілі оқырманның нақты сезімді
қабылдауын күшейте түседі. Осыған ұқсас тағы бір мысал:
Жанат
қанша елемейін десе де, уылжыған ұятқа қол сұғуын қоймайды жұрт
(Ғ.Мұстафин. Миллионер).
Қол сұқты
тұрақты тіркес әдеттегі
қолданыста «біреудің затын, дүниесін суық жолмен иемденді» деген
мағынаны білдіреді. Бұл – фразеологизмдердің дағдылы қолданыста
жұмсалуы. Жазушы тұрақты сөз тіркестерін көркем тіл кестесінде ұзына
бойы дағдыдағыдай жұмсай бермей, одан әдейі ауытқып отырады да,
фразеологизмнің экспрессиялық-стилистикалық әсерін күшейте түседі.
Уылжыған ұятқа қол сұқты
деп, жазушы дерексіз ұғымды
 (ұят)
көзбен
көріп, қолмен ұстағандай нақты затқа айналдырады.
Фразеологизмдер жеке сөздер (лексикалық единица) тәрізді
сөйлемдегі белгілі бір сөздермен мағыналық үйлесім қуалай отырып
тіркеседі. Мысалы
қол
сөзі тематикалық аясы бір сөздермен ғана
тіркеседі:
қол созды, қолына алды, ұзын қол, қолмен ұстады
т.б. Ал
терең қол, жасыл қол
деп айтуға болмайды, өйткені сөздің мағыналық
үйлесімі бұзылады. Фразеологизмдер де осы тәрізді, мағына жағынан
үйлесетін сөздермен тіркеседі. Мысалы,
қолқа салды
деген
59


фразеологиялық түйдек 
аға, іні, жолдас
тәрізді тематикалық бір өрістегі
сөздермен тіркеседі:
ағасына қолқа салды, жолдасына қолқа салды;
жолдасына қолқа салды
т.б. Алайда жазушы қаламы осы айтылған
фразеологиялық түйдекті күтпеген жерден тематикалық өрісі өзге бір
сөздермен тіркестіру арқылы айрықша әсер тудырады.
Біржан қолға қолқа салмай-ақ бел котергісі келіп еді, болмасын лез
байқаған соң жер тіренді.
– 
Сиыр қимылға жарап қапсың ғой, – деді Әпіш.
– 
Күл, күл. Құдай қылса амал қанша?
– 
Құдай? Аузыңа түспейтін сөз еді 
(А.Сүлейменов. Адасқақ).
Фразеологизмдер бұл шағын мәтінде (тексте) аса мол қолданылған.
Бірақ әр түрлі сапада да жұмсалғандықтан санының көптігі байқала
қоймайды. Кейіпкер тіліндегі фразеологизмдер (
сиыр қимыл, құдай
қылса, амал қанша, аузына түспеді
) біріншіден, тілдік мінездеме ретінде
қызмет атқарып тұрса, екіншіден, сөйлеу тілі реңін беріп тұр. Ал автор
тіліндегі фразеологиялық тіркес
(бел көтеру)
дағдылы қолданыста
жұмсалса, фразеологиялық түйдек (
қолқа салу)
тосын тіркеске түскен.
Тосын қолданыстағы фразеологизм Біржанның «қасындағы жанашыр
жақындардың әлдеқандай көмегіне, сүйеуіне зәру күйін» танытқандай
имплициттік мағынаны аңғартады. Фразеологизмдердің бітім-тұлғасын,
мағыналық жүгін өзгертпей-ақ осылайша тосын тіркеске түсіру олардың
экспрессиялық-стилистикалық әсерін айрықша күшейте түседі. Бұл
фразеологизмдерді қолданудағы жазушы қаламының шеберлігін
танытатын бір тәсіл болса, екінші бір тәсіл – тосын контекст іздеу.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет