(эллипсис), олардың лексикалық құрамының арасына
сыналап сөз ендіру
(дистакт), фразеологиялық единицаларды
сыйыстырып қолдану (
контаминация), фразеологиялық единицалардың
лексикалық құрамын жаймалап қолдану
(плеоназм) т.б. жаңғыртулар
көбінесе квантитативті өзгеріске негізделгендігі байқалады.
Фразеологизмдерді қолданудағы бұл ерекшеліктерді тек бір ғана
жазушының тіл өрнегіне тән деуге болмайды. Тек көркем сөз зергері
ғана емес, өзге де қалам иелері мұндай жаңғыртуларды өз ықтиярынша
қолдана беруі мүмкін. Жалпытілдік қолданыста ұшырасатын
жаңғыртуларды сөзді көркемдеуде, стильдік өң беруде орны ерекше
болғанмен, оларды автордың қаламына тән ерекшелік деуге болмайды.
Сондықтан бұларды фразеологизмдерді түрлендірудің дағдылы, нормаға
кайшы келмейтін түріне жатқызамыз, ал жазушының белгілі бір
мақсатқа негізделген қолтума түрлендірулерін олардан бөлек қараймыз.
* * *
Халық даналығына толы мақал-мәтелдер, айшықты идиома
айтылмақ сөзді жандандыра түседі. Тіпті жай ғана сөйлеген сөзде
фразеологизмдердің экспрессиялық-эмоциялық әсері айрықша байқалып
тұрады. Ал жазушының көркем тіл кестесіне түскен фразеологизмдер
сөзді бейнелі, өтімді және нанымды етудің стильдік құралына айналады.
Жазушы қаламы мұндай құралды әр қилы мақсатта түрліше қолданады.
Фразеологизмдер заттар мен құбылыстардың атын дәл беруде, сөзді
түрлендіруде, айшықты етуде автор сөзінде де, тілдік стильдік сипаттама
беру мақсатында кейіпкердің сөзінде де өзінің «табиғи» мағына, реңкі
бойынша жұмсала береді. Мұндай қолданыста фразеологизмдер өзіне
тән стильдік-экспрессиялық қасиетімен сөзді түрлендіріп, айшықты етіп
тұрады.
58
Қазақ тілінде
сай-сүйегі сырқырады деген фразеологиялық түйдек
бар. Ол «тұла бойы ауырды, тұла бойы тітіреді, жүйені босатты» деген
мағынаны білдіреді.
Көз салсаң әннің көркіне, Ән Жамалдың еркінде.