басын шайқаса, екінші біреуі аузын ашып, енді бірі таңдайын қаққан іс
әрекетін оқырман көз алдына жеке-жеке елестеткендей болады.
Синонимдес фразеологизмдерді жазушының жарыстыра қолдануының
міне, осындай өзіндік көркем шешімі бар.
Мұхтар Әуезов шығармаларында тұрақты сөз тіркестерінің сан-алуан
түрлері бар дедік. Әсіресе сөз орамдары нұсқаларының молдығы, алуан
түрлі синонимдік қатарының көптігі бірден назар аударады. Әрине,
тұрақты орамдардың нұсқалары әлі түбегейлі зерттеле қойған жоқ.
Сондықтан да зерттеушілердің бұл мәселеде пікір арнасы әр түрлі.
Дегенмен бір алуан нұсқалардың тіл жұмсау дағдысында стильдік,
семантикалық реңк алып, синонимдес қолданыстың қорабасын
молайтып отырары сөзсіз. Сондықтан тұрақты тіркестің әр түрлі
нұсқаларын молынан қолданудың жаңсақтығы жоқ. Бір айта кететін
нәрсе, тұрақты орамдардың нұсқалық сыңарлары жеке тұрғанда да өзара
синонимдес бір қатар түзсе, енді бір алуаны мағына жағынан мүлде
алшақ сөздерге жатады. Жазушы шығармасында мұндай сөз
нұсқаларының түр-түрі аса мол кездеседі. Мысалы,
мұртын сындырған
жоқ
деген фразеологизмнің
тұмсығын сындырған жоқ
деген нұсқалық
сыңарлары бар:
Бұларда мал дейтін мал да шағын. Азын-аулағы болса
осы қыстау маңын қысы-жазы жесе де, бөктер шөбінің тұмсығын
сындыра алмайды
(Абай жолы).
Қара құрттай қаптаған, құжынаған
тәрізді орамның қатары
қара құрттай қайнаған
секілді нұсқалармен
молыға түседі:
Жазықтың орта кезінде қара құрттай қайнаған
жәрмеңке сол өзеннің жағасында
(Қилы заман). Немесе жазушы
«Барымта» әңгімесінде
ұпайы түгел
деудің орнына
асығы түгел
деп те
қолданады.
Жарық айлы бүгінгі түн қаралы, қанды түн болды. Өз
Достарыңызбен бөлісу: