ит тұмсығы батпайтын ну орман,
қалың тоғай
тәрізді даяр оралымды білетініне, де, қолданатынына да
шүбәміз жоқ. Ал М.Әуезов дағдылы, даяр әуеннен орнымен ауытқып,
сөз сыңарларының кейбірін «уақытша» қалдыра тұрып, оның орнына
екінші бір фразеологизмді үйлестіре қолданатын орайлары бар. «Қилы
заман» шығармасынан мына бір мысалды оқып көрелік:
Ит тұмсығы
батпайтын самсаған сары қол, түйілген жалпақ қара бұлттай болып,
65
кең даланы қаптай басып, жәрмеңкеге қарай бет қойды.
Жайшылықтағы сөз қолданыста
ит тұмсығы батпайтын
деген сөз
орамы негізінен
ну қамыс, қалың орман
тәрізді сөздермен
анықтауыштық қатынаста жұмсалып, сындық сапаны күшейтеді. Ал
жазушы қаламы бұл орамды дағдыдан тыс сөзбен,
самсаған сары қол
дегенмен тіркестіріп, гипербола жасау арқылы бүкіл сөйлем тұрқын
эксперссивтендіре түседі.
Тұрақты тіркестердің үйреншікті ортасы, дағдылы орны болады.
Олар мағыналық, стильдік ренктерінс сай контекст іздейді. Мысалы,
қанды басың бері тарт
тәрізді сөз орамының аңшылыққа, саятшылыққа
байланысты контексте қолданылуы – оның дағдылы орны. Мұхтар
Әуезовтың тіл кестесінде бір алуан сөз орамдары дағдыдан тыс
контексте қолданылады. Мысалы:
Таңертеңнен бері әрбір арбаның
түбінде ажал оғы аңдып, сығалап, «Қанды басың бері тарт»
деп отыр.
Мұндағы
қанды басың бері тарт
деген сөз орамы көтерілісшілер мен
патша әскерінің арасындағы қақтығысқа орай қолданылған. Жазушы көп
орайда жана контекст табу аркылы тұрақты сөз орамының өрісін
кеңейте, осылайша еркін қолданады. Мұндай қолданыстың тіл
көркемдігіне тигізер әсері де ерекше.
Жекелеген сөздер тәрізді тұрақты орамдардың да қат-қабат лексика-
семантикалық, дыбыстық нұсқалары бар. Кейбір тұрақты сөз
орамдарының сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, мағына жаңғыртуы
тілде бола беретін заңды құбылыс. Қайсы бір қаламгерлеріміздің сөз
жұмсау дағдысында олардың көмескі ізі қайта жаңғырып жатады.
Мысалы,
иттің ұлы итақай
тіркесін Сәбит Мұқанов
иттің құлы
итақай
деп қолданған. Сондай-ақ
ай дер ажа, қой дер қожа жоқ
деген
орам Сәкен Сейфуллин шығармаларында
әй дер әже, қой дер қожа жоқ
түрінде кездеседі.
Бұл орам Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында
ай дер ажа,
қой дер қожа жоқ
деген нұсқада ұшырайды:
Тобықты, шаялығыңды
қылдың ба? Білегі жуандықты қылдың ба? Айрандай аптап, күбідей
пісіп жүргенде ай дер ажа, қой дер қожа болған жоқ. Найманда
алынбай жүрген кегің, тимей жүрген есең болса, соныңды айт!
Алайда «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» Мұхтар Әуезов
қолданған нұсқа негізгі вариант түрінде алынған. Өйткені жазушы
мұндай сөздердің көне тұрқын танып, білімдарлықпен, сөз орамының
66
мағыналық үйлесіміне орай қолданған.
Ажа
сөзі көне түркі жазба
ескерткішінде, ортағасырлық шағатай тілінде, қырғыз тілінде «үлкен
кісі» мағынасын білдіреді. Ал тұрақты тізбектің бас шеніндегі
«әй
»-дің
кейде
ай
болуы сөз орамдарының эвфониялық үйлесіміне байланысты.
«Абай жолы» эпопеясынан тағы бір мысал:
Құнанбай сәлемін есіткен
жерде, Бердіқожы томырылып қалып:
–
Е, мен баламды Құнанбайға
кішілікке беруші ме ем?
– деді. Мұндағы
кішілікке беру –
«әйелдікке
беру» деген мағынада. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, XI ғ. Махмуд
Қашқаридің сөздігінде
Достарыңызбен бөлісу: |