Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

намысы оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына
итаршылық жасады да жайрап түсті қос арыс... Жер мойны алыс
деген тіркес сыңарының бірнеше синонимдері бар:
 жер мойыны қашық,
жер мойыны шалғай,
т.б. Мысалы:
Қыс түсіп, мал арзандады Семізін
елден алдыруға жер мойыны қашық 
(Абай жолы). Осы тіркестің тұрақты
компонентінің өзін жазушы әр ыңғайда құбылта қолданады:
 Мына боран
айықпағалы, міне, үш күн болды. «Жыл мойыны жақын ба» деп дәме
қылысым еді 
(Абай жолы)
.
Тұрақты тіркес сыңарларын өзгертіп, жазушы
қаламының тыңға түсуі дағдыдан ауытқу тәрізді болғанымен, көркемдік
шешімі жоқ емес:
жердің
орнына
жылды
алуы,
алыстың
орнына
63


жақынды
қолдануы тілдегі ассоциация мен антоним құбылысына
негізделген. Әдетте мезі болған жолаушыға жол ұзақ, мойнындай
жіңішке жердің өзі ұзап кетеді. Мал баққан жанға да солай, жұттың
жылы үзілер жерде ұзарып, шығынға көп ұшыратады.
Жазушы осы тәрізді
мал ашуы – жан ашуы
дегенді ру арасындағы
кыстау-қоныс, құдық-қорық таласына орай
 жер ашуы – жан ашуы
деп
өзгерте қолданады:
Бұл қорлыққа шыдағанша өлген артық! - дегенде
Бөкенші, Борсықтың тағы бірнеше жас жігіттері аттарын тебініп,
ілгері шыға берісті. Жер ашуы - жан ашуы... 
(Абай жолы).
Сонымен, фразеологиялық сөз орамдарын тосын күйде қолдану,
тұрақты орамдарды еркін тіркес тәрізді өзгертудің әсері айрықша
сезіледі. Өйткені тіл тәжірибесінде бұрын кездеспеген сонылықтың
оқырман назарын өзіне аударатындай ерекше әсері болады.
Ғ.Мүсірепов тәрізді сөз шеберлерінің тіл кестесінде фразеологиялық
орамдарды қолданудың тағы бір тартымды тәсілі бар. Ол
фразеологизмдердің құрамында ұшырайтын сөздің бірін еркін тіркес
түрінде кайталап отыру. Мұндай тәсіл арқылы жазушы экспрессияны
күшейте түседі:
Тегінде, екінің бірі дұрыс болар: не мен қырыққа
жетпей қартайған болармын, не кейбіреулер қырыққа жеткенше
қырқынан шыға алмай қалған болар
(Ғ.Мүсірепов. Болашаққа аманат).
Стилистикалық қайталаудың мұндай түрі аса көрнекті қаламгер
Ғ.Мұстафиннің көркем тіл кестесінде де жиі ұшырайды. Мысалы:
Құм
дала жігеріңді құм қылса қайтесің
(Шығанақ);
Күн қабағы жабылса,
жер қысылады, сенің қабағың жабылса, мен қысыламын 
(Миллионер).
Фразеологизмнің сыңарын өзге еркін тіркесте қайталаудың эмоциялық-
экспрессиялық күшейтпелі әсері кейіпкердің сыртқы портреті арқылы
ішкі сезімін құбылыстарын көрсететін мына бір контексте айқын
білінеді:
 Бұғанға дейін Майраның жүзінде қуаңдық бареді. Қара көздері
тұнық қара судай тым тұнық еді, енді сол тұнықтың бетін самал лебі
сипап өткендей, қара көздері жарқырап, жүзіне ыстық қан жүгіріп
сала берді 
(Ғ.Мүсірепов. Атақты әнші Майра). Қайталаудың бұл ерекше
түрін семантика-стилистикалық қайталау деп атаймыз. Өйткені мұндай
қайталаудан сөз өзінің жалпытілдік мағынасына қоса үстеме мәнге ие
болады. Контексте қайталауға түскен
қара
түр-түсті білдіріп қана
қоймай, «әсем, әдемі» деген мәнді де аңғартады
 Тұнық 
сөзі де жай ғана
қайталанып тұрған жоқ.
Тұнық, тым тұнық еді
деген қайталаудан
64


оқырман «мөп-мөлдір» деген мағынаға қоса «ойлы», «ақылды» деген де
мән жатқанын сезінеді. Өйткені сөздің семантикалық структурасында
жаңа сема («ойлы») пайда болады. Сөйтіп, сөздің жеті қат тереңінде
жатқан мүмкіндігін ашуы жазушы қаламының құдіреті болып табылады.
Тілімізге ажар беріп, сөзімізге жан бітіретін мақал-мәтелдер,
шешендік сөз орамдары, айшықты сөз тіркестерінің суреткер
шығармасында алатын орны ерекше. Жазушы қаламы із-өкшесі халық
тілінде жатқан сөз орамдарының көркем үлгілерін, сирек түрлерін, ұмыт
қалғандарын қолданыс үйіріне қосып, сөздік қордың қорабасын
молайтып отырды. Заманымыздың заңғар суреткері Мұхтар Әуезовтың
әйгілі «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы»,
«Еңлік-Кебек» тәрізді классикалық туындылары – жазушының тіл
шеберлігін ғана емес, ана тіліміздің асқан байлығын да икем-
оралымдығын да көрсете алатын және тіл қазынасын тыңнан игерудің
өнегелі үлгісін де жете танытатын шығармалар. Бұл туындылардан
көптігіне дөптігі сай, алуан түрлі тұрақты сөз орамдарын кездестіреміз.
Мәселен, фразеологизм табиғатында болатын ықшамдық, сөз сыналау,
сөз кіріктіру тәрізді құбылыстардың бір ғана «Абай жолы» эпопеясынан
алуан түрін ұшыратуға болады. Ал мұндай құбылыстардың, арнайы
назар аударып, ден қоя білсек, тіл көркемдігіне қосар өзіндік өрнегі де
ерекше.
Әр уақытта тіл ұшына оралып тұратын тұрақты сөз орамы
білгеніңше, қажетіңше қолдануға болатын пішімі дайын үлгілер сияқты
көрінеді. Құбылтып, қаймағын бұзып қолдануға да ырық бермейтін
жерлері бар. Табиғаты күрделі осындай тұрақты сөз орамдарына
дағдыдан тыс маңына үстемелеп өң беру, жаңа мазмұн, өзгеше реңк
дарыту М.Әуезов сынды хас шебердің, шынайы сөз зергерінің қалам
желісіне тән ерекшелік. Олай дейтініміз, бір алуан тұрақты сөз тізбегін
жазушы сол даяр тілдік материал күйінде ала салмай, өзіндік өрнек
қосады. Кез-келген жазушының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет