адамзат көктемін әкелгені кәне...
тәрізді афоризм публицистикалық
қолданысқа тән реңк үстейді. Ал
құттықтау телеграмдар, жолдас
ғылыми кеңестің бастығы, күн тәртібіндегі мәселе,
т.б. ресми сипатты
танытатын функционалдық-стильдік бояулар.
Дүнияуи, жаһил, мағлум, мәтбуғат, мәсжид, мужтаһид, тауарих,
уәзифа, шәһәр, һәмәндә,
т.б. сөздерді жазушы кейіпкерлер аузына
кездейсоқ
салып отырған жоқ, мұндайлар кейіпкер сөзіне ескіше өң
беретін тілдік маскалар. Орфографиялық қағидадан әдейі ауытқи
отырып, жазушы көнелік реңкті графикалық тәсілмен де беріп отырады:
ғауым-қауым, хазір-қазір, хиянат-қиянат, фиғыл-пиғыл, шарафат-
шарапат, әлбеттә-әлбетте
т.б.
Саналы түрде, көркемдік мақсатқа орай алынған мұндай бөгде
стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай әлеуметтік ортада өтіп
жатқанын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер тіліне әлеуметтік-
типологиялық мінездеме береді. Суреткер бөгде стильдік элементтерді
таза коммуникациялық мақсатта жұмсамай,
эстетикалық қызметке
жеккен. Жазушының стиль тезіне түскен (стилизацияланған) мұндай
қолданыстар өзге сөздермен «тіл табысып» барып, шығарма тілінің
көркемдік кестесін құрайды.
Қазіргі тілімізде толып жатқан жарыспалы сөздер бар:
байымда –
пайымда, нысан – нышан, қария – кәрия,
т.б. Бұл – кемшілік емес, тілдің
жаңғырып, қайта түлеп отыруының бір белгісі. Өлі тілде ғана ондай
тіршілік нысаны болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: