отырады
(шала піскен мәселе, күйіп тұрған мәселе
т.б.).
Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйде «көшіре» салмай,
қауызынан айырып қолданады. Сондықтан бөгде стильдік элементтер
негізгі қызметінде (коммуникациялық функцияда) жұмсалмай,
эстетикалық мәнге ие болғанда, көркем тіл кестесіне лайық түрге енеді.
Көркем әдебиет
стилінің ерекшелігіне бағынып, жазушы идеясына
тәуелді болады. Ал оларды «шикізат» күйінде жұмсау шығарма тілінің
көркемдік өрімін бұзады.
Сөзді
бірыңғай, бір сарынмен,
бір өңмен құра бермей, әр түрлі
стильдерден бояу ала біліп, өмір шындығын дәл бейнелеу – реалистік
шығармаға тән тәсілдердің бірі.
Стильдік контраст – кейіпкер тілін даралаудың бір тәсілі. Оның
айқын көрінетін жері – көркем диалог. Көркем диалог – драманың негізгі
компоненті болса, ал прозалық шығарманың құрамдас бөлігі. Сондықтан
стильдік контраст тек драмалық туындыларда ғана емес, көркем проза
жанрларында кездесуі заңды.
Көркем әңгімеде стильдік контраст жасай білудің әсері айрықша.
Енді жазушының «Атақты әнші Майра»
(Қазақ әдебиеті, 27.2.1981)
әңгімесіндегі мынадай диалогті еске түсіріп көрейік:
–
Шешей! – деп бастады Ержан...
–
Шешей, біз арнаулы мемлекеттік жұмыстармен Орынбордан
Керекуге келе жатқан суденттер едік. Ең алдымен...
Әйел оның сөзін бөліп жіберді.
–
Бұл конақ түсетін үй емес, – деді үзілді-кесілді.
Ержан да бөгелген жоқ.
–
Ең алдымен сіздің үйге кездескенімізге қуанып тұрмыз. Өйткені...
Оның қуанғанына әйелдің іші жібімеген екен.
–
Қуанып тұрғандай бұл үйде не нагашың, не жиеніңді көріп тұрған
жоқ шығарсыңдар! Көз барда сол нағашыларыңды тауып алғандарың
дұрыс болар! – деп, өзі шыққан есікті қаттырақ жауып жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: