Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

әр түрінен дәстүрлі жарысқа шығады. Күні-түні алас ұрып, соған ақ
тер, қара тер дайындалып жатыр. Былтыр бірінші орынды алғамыз.
Биыл да бәйгені бермейміз деген талабымыз таудай.
Тіл шұбарлаудың жаңа «сортын» кейіпкер тілі арқылы жазушы
айқын көрсете білген.
Қалауын тауып қолдана білсе, эстетикалық қызметте жұмсалатын
сөздердің бір алуаны – диалектизмдер. Әдетте пәлен жазушының
қаламы диалект сөздерге үйір деп сын айтылып жатады. Ал оларды
автор неге, не мақсатпен қолданып отыр деген сұрауға жауап аз. Қазіргі
көркем шығармалардың қамтитын тақырыбы сан алуан. Жазушы диқан,
шопан, жұмысшы, мұғалім т.б. өмірін шынайы бейнелеуді көздейді.
Сондықтан қаламгер өз шығармаларындағы кейіпкерлердің іс-әрекетін
ғана емес, сөзін де әлеуметтік ортасына сай кәсіп, қызметіне, білім-
танымына лайық етіп беруді мақсат етеді. Ондай шығармалардың тіл
кестесінде әдеби тіл нормасынан тысқары жатқан диалект, қарапайым
сөздер, архаизмдер де кездесіп отыруы заңды. Өйткені әдеби тілден
тысқарылау тұрған жергілікті ерекшеліктер кейіпкерге мінездеме беру,
олардың білім дәрежесін, ой өрісін, мәдени деңгейін көрсету үшін,
кейіпкер сөзіне сөйлеу тіліне тән сипат беру мақсатымен жұмсалады.
Кейбір жазушыларымыздың қаламы диалектизмдерге неге іш тартып
тұрады деген сұраудың бір жауабы, міне, осыған саяды. Бірақ бейәдеби
қолданыстарды тек құбылыс, зат атауы ретінде жұмсау (жалаң
комммуникациялық қызметте қолдану) жеткіліксіз. Мысалы:
Аттың
95


жайылуынан тұруы көп. Ауыт-ауыт оттауын доғара койып, күнмен
бірге көтерілген даланың анау-мынау қозыдай дәубас көк соналарымен
айқасып кетеді
(С.Асылбеков, Құлтай. «Жұлдыз», 1981, №1).
Әкесі
құдықтың жанындағы цемент науаға өлермендене топылған
саулықтарды таяғымен мошқап қойып тәртіп орнатып жүр 
(85-бет).
Авторлық баяндаудағы мұндай қолданысты қазіргі талғамы биік
оқырманның қанағат тұтпайтын себебі, әдеби тілде 
ауыт-ауыт, топыл,
мошқап
сөздерін ауыстыра алатын баламасы бар. Ал диалектизмдерді
әдеби тіл нормасының фонында эстетикалық қызметке жеге отырып
жұмсаудың, мысалы кейіпкер тілінің мінездемесі ретінде қолданудың,
еш бөтендігі жоқ. Қайта, автор тілінен кейіпкер сөзін даралай түсудің бір
тәсілі болар еді.
Диалектизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылуының тағы бір
себебі – қаламгер соны сөз іздейді. Тіл қойнауының тыңында жатқан,
жалпы жұртқа беймәлім сөздер (мысалы: балықтың
 мәлігі
«ұрпағы»,
 қан
шілде
«нағыз шілде»,
құс қанаты
«көктемде болатын соңғы қарлы
жауын-шашын») өз сонылығымен оқырман назарын аудармай қоймайды.
Өйткені әдеби тілде баламасы ұшырай бермейтін, жоқтың орнын
толтыратын ондай сөздердің соны қолданыс ретінде әсері оқырман үшін
айтарлықтай. Бірақ амал не, кейбір роман, повестерді оқып отырсаңыз,
шығарма авторы бейәдеби элементтерді стильдік зәруліктің немесе сөзге
мұқтаждықтың өтеуі ретінде қолдануға көп көңіл бөле бермейді.
Нәйеті, ексемдеп, әлімәлі, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды,
мәнейі, аңыстама
т.б. тәрізді. Жергілікті маңызы бар сөздердің арқалап
тұрған жүгі болмаса, қазіргі оқырмандарды баурай қоюы екіталай.
Әрине, жазушы
 
(К.Ахметбеков. Егіз қайың. «Жалын», 1985. №5)
 нәйеті
мен
 мәнейілердің
бәрімізге түсінікті әдеби тілдегі баламаларын білмеген
деуден аулақпыз. Алайда дағдыда бар сөзден (әдеби тілде баламасы бар
атаулардан) қаламын аулақ салып, автордың экзотикалық лексика іздеуін
сәтті дей аламыз ба? Мұндайлар көбіне ауылдастың сөзі жерде қалмасын
деген ниетпен төркіндес тәрізді көрінеді.
* * *
Әдетте көркем шығарма тілі тілге тиек бола қалса, әңгіме көбіне
диалектизмдердің орынды немесе орынсыз қолданылуына тіреледі.
96


Әрине, көркем шығарманың тіл кестесі бұлардан өзге де лексикалық
құбылыстармен астасып жатады. Солардың бір алуаны – көркем
шығарма тілінде көріне бастаған этнографиялық лексика мен кәсіби
сөздер легі.
Әлеуметтік диалектизмдерді, оның ішінде кәсіби сөздерді әдеби тілге
тән өзге жүйедегі сөздерге қарама-қарсы қоя отырып, эстетикалық
мақсатта жұмсау 20-30 жылдарда, мысалы, Ж.Аймауытовтың «Баушы
мен бала» әңгімесінде («Жас алаш», 1992, сәуір) айқын аңғарылады: 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет