мұндай пассив лексиканың түрлері кейіпкер сөзінің дәл, нақты болуына
қызмет етті.
Сендерге өтірік, маған шын, осы жасымда аяғына көз (қан түсуден
пайда болған түйін-түйін беріш), қан түсу, тұяғының көбісі сөгіліп, ақ
бас болу, доғала, тышқан, қыршаңқы, мандам, маңқа сияқты ауруларға
жылқы бермеген едім... Оның (Көкжалдың
–
Н.У.) білім-білім болып
желі тартып кеткен мандамын неше жерден қиып, анжы өткіздім, –
тоқтамады
(Н.Қазыбеков. Көкеңнің Көкжалы. Әңгіме).
Қазіргі көркем шығарма тілінде кездесіп отыратын сөздердің бір
алуаны – ел ішіндегі байырғы кәсіпке, шаруашылыққа қатысты кәсіби
лексика. Қазақ тілі лексикасының
бұл тобына жататын сөздердің
жалпыхалықтық сипат алғандары бар да, тіліміздің шеткері
қойнауларында қалып қойғандары да бар. Үйші, ерші, зергер, саятшы
т.б. кәсіп, өнер иелерінің былайғы жұртқа мәлім емес, тек өзара
қолданатын кәсіби сөздері қаншама. Қиюын тауып, орынды сөйлете
білсе, ұмыт бола бастаған ондай байырғы атаулардың шығарма тіліне
шынайылық үстеп тұратын қасиеті де болады.
Сол сөздер арқылы
оқырман өзіне бейтаныс құбылысты ашады.
–
Тозаңын ала ғой, – дейді ұста. Тозаңды ең әдемі аппақ ұн деп
ойлаған шайтан итаяқты ұрып қозғалтып тұратын шақылдақ жасап
беріпті... Әйтеуір, диірменді таныстырып тауыспадым. Білмегенімді
диірмен тісеп, жөндеп жатқан атамның қасына келіп сұраймын
(Ә.Бөриев. Алматы әңгімелері. 1979). «Мейір гүлдеген жерде» деп
аталатын бұл повесте жазушы
диірменнің пәресі, итаяқ, еркек тас,
ұйық, шот, балға
(диірмен тасын тістейтін құрал) т.б. кәсіби сөздерді
қолдана отырып, олардың оқырмандарға түсінікті болу жағын да
ескерген.
Байырғы кәсіп,
қол өнері, шаруашылық салаларына қатысты
қолданылатын арнаулы сөздердің техника тілінде қайта жанғырып,
терминдік мәнге ие болуы – әдеби тіл лексикасындағы жаңалықтардың
бірі. Мысалы:
шанақ
(диірменнің шанағы) –
комбайн шанағы
(бункері);
қалбағай
(омыртқаның түрі) –
комбайн қалбағайы
(мотовилка);
білектеу
(киіз білектеу) –
білекте
«кулачить» (тех. термин);
диірмен
пәресі
(су ағысының күшімен айналатын шығыршық) –
пәре
(турбина)
т.б. Мұндай процесте көркем шығарма арнасы арқылы әдеби тілімізде
98
орнығып жататын сөздер аз кездеспейді. Дегенмен қазіргі оқырман
осыны қанағат тұтып қоя ма?
Белгілі бір кәсіп аясында жүрген сөздердің тағы бір сыры бар. Кәсіп
иелері мсн хас шеберлер қолданатын сөздердің бірсыпырасы,
байқап
қарасақ, халық тілінде мүлде жаңа сапаға көшіп отырған. Кәсіптік аяда
айтылатын бірер сөзді еске түсіріп көрейік:
мық
«ағаш шеге»,
тегеуірін
«қыран құстың жембасарына қарама-қарсы біткен артқы саусағы»,
маймөңке
«өрмек құралы» екендігі кәсіп, өнер иелеріне жақсы таныс
болғанмен, былайғы жалпақ жұрттың бәрі біле бермейді. Бірақ, бір
ғажабы, мұндай арнаулы сөздер кәсіптік аяда қалып қоймай, халық тілі
талқысынан өте отырып, образды сипатқа ие болған.
Мық
дегеннін
«шеге» екені қазіргі кезде екінің бірі түсіне бермесе де
мық шегедей
тіркесінің нендей мағынаны анғартатынын жұрттың бәрі біледі.
Мәймөңкелеу
сөзін «жағымпаздану» деген мағынада түсінсе,
тегеуірінді
сөзінің «аса күшті, қуатты» дегенді аңғартатынын да бірден байқайды.
Халық шығармашылығында сөз осылайша образды өң алып, кең өріске
шықты. Кәсіби сөздер небір бейнелі сөз орамдарының жасалуына негіз
болды:
Өрмектің жүзі ауғанда
«жарым-жартыдан, бел ортадан
асқанда»;
тік сандалдай
«мүсінді, тұлғасы келісті»;
текеметтің
суындай
«жарасымды, үйлесімді»,
қарпуы қанық
«кондициясына
жеткен» деген мағынада. Сөз игерудің,
тіл көркемдеудің халық
шығармашылығындағы осы дәстүрі қазіргі көркем шығарма тілінде
жаңғыра түсті дей аламыз ба? Осы тұста іркіліс бар тәрізді.
Автор қаламы кейде қолдану жиілігі жоғары сөздерді де
дағдыдағыдай жұмсамай, өзгертуге бейім тұратындығы байқалады. Кей
тұста ондай түрлендіру жібі түзу сияқты көрінгенмен,
құйрығын тигізді,
назар жықты, көз жықты, саңлақтанды, сауқаттасты
тәрізділерді
оқырманның ілтипатпен қарсы ала коюы қиын.
Аға буын жазушыларымыздың тіл кестесіне зер салсақ, сөз
сонылығын тек қана әдеби тілден тысқары жатқан тұстардан іздемейді.
Жазушы қаламы арқылы жай ғана танымал сөздің өзі жаңа бейнеге ие
болып, тосын күйге түседі. Ондай сөз оқырманды сонылығымен баурап
алады. Мәселен,
қалам
сөзінің
пәлендей сиқыры жоқ, бар болғаны –
жазу әбзелі ғана. Ал
қаламшы
деу ше? Бұлай деу – дағдыда жоқ. Бірақ
сөздік құрамда жоқ қолданыстардың қаламгер тілінде кездесіп
отыратынын да байқаймыз:
Жаман-жұман шығармасын
99
ағайыншылықпен шығарып алып, сол бытпылдығына Әуезовтың,
Мүсіреповтың пікірін тосқан қаламшыларды да көргенбіз
(Ғ.Мүсірепов.
Алдымен азамат болайық. «Социалистік Қазақстан», 1983, 4 қараша).
Әдетте
-шы, -ші
жалғанатын сөз кәсіп иесін білдіретіндігі белгілі.
Жазушы қаламы қосымшаның тап осы қызыметіне заряд берген. Қалам
ұстауды кәсіпке айналдырған жазушыны
қаламшы
деп, нысанаға сауыт
бұзар жалғыз-ақ жебе жұмсайды. Бірқолданым сөзде (окказионал),
осындай жаңа астар болса, соны қолданыстың әсері айырықша болады.
Көріктеудің мұндай тәсілі көркем шығарма тіліне де жат емес. Дағдыдан
жөнімен ауытқи отырып, сөзді контексте түрлендіру кейінгі буын
қаламгерлеріміздің тіл кестесінде мол кездеседі дей алмас еді. Аз да
болса, бірер мысал:
Қожайын Отанға өзі,
заманға өзі,
Бағытының баянды
боп жанар кезі.
Даңғайыр, дала маңдай
қаламдозы,
Өрлеткен өнерімен қазақ даңқы,–
дейді ақын
(Ж.Жақыпбаев.
«Жұлдыз», 1980, № 4)
.
Контекске көтеріңкі леп беріп тұрған
қаламдоз –
шабан+доз
сөздерінің буданы. Орыс тілінде американ әкімшілігінің
ядролық қаруды кейбір Европа елдеріне орналастыру саясатын
әшкерелейтін
Евросима
(
Европа
сөзінің алғашқы буыны мен
Хиросима
сөзінің соңғы буыны арқылы жасалған сөз) тәрізді будан (гибрид) сөздер
бар. Бұндайлар өз кезінде зертеушілердің пікір елегінен өтіп отырады
(
Русская речь, 1983, № 6, 63-65 б.).
Әрине, жаңа мазмұн, соны бояуға ие
мұндай бірқолданымдар да жазушының сөз байлығы деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: