Ал соңғы жылдарда бейәдеби лексиканың көркем тіл кестесіндегі орны
кеңейе түсті деуге болады. Оның басты екі себебі бар. Біріншісі – кейбір
қаламгерлеріміздің өмір шындығын кейіпкер көзімен суреттеуіне,
кейіпкер атымен баяндауға байланысты болса, екіншісі – жергілікті сөз,
қарапайым лексика, өзге тілдік элементтерді
жазушының сөйлеу тілі
белгісі ретінде қолдануына байланысты. Орнымен жұмсалған ондай
орынды ауытқулар автор мен оқырман арасындағы байланысты күшейте
түседі.
Көркем проза тіліндегі мұндай құбылыс әдеби тілдің лексикалық
нормасына әсер-ықпалын тигізуі мүмкін.
Бірақ бұл жалпы әдеби тіл
нормасының іргесін шайқалтып, көбесін сөгу деген сөз емес.
Соңғы жылдардағы кейбір әңгіме, повестерде көріне бастаған
ерекшелік – әдеби емес формалардың
көркем шығарма контексінде
авторлық баяндаудан гөрі кейіпкер тілінде белсендірек қызмет атқаруы.
Тіл өрнегі негізінен диалогке құрылған ондай шығарманың түп қазық
идеясын оқырман алдымен кейіпкерлердің сөзінен іздейді. Әрине,
жазушы мұндайда диалогті сөйлеу тілі ыңғайында беретіндігі белгілі.
Сәл ұзақтау болса да мынадай бір үзіндіге назар аударып көрелік:
–
Әкең күйлі ме? – Әңгіменің ретіне қарай есіне түскен соң сұрай
салды.
–
О кісі күйлі болмаса, осынша сыра ішіп отырар ма едік, Сәке, а?
–
Бопты. Сол қойда ғой.
–
Жоқ. Министр боп кетті.
–
Бопты. Әкесімен қалжыңдай ма екен... Әй, сендерді де баламыз
бар деп жүрміз-ау. Менің жүгермегім де мені сыртымнан дәл сендей
қонжитып жататын шығар-ау?
Олар алып-қашты әңімемен ұзақ отырды. Кеш батуға таянған.
Екеуі де орындарынан тұрды.
–
Әй, ұл, сенде ақша бар ма ? – Бар.
–
Онда, балам, маған бір жартылыққа ақша бере тұр. Осы
Достарыңызбен бөлісу: