Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет48/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

домбырамен жан алынып, жан берердей болған с-о-н-о-у боп келетін
бозбас іңірінен бастап індетіп ұғып жүрген Біржан, мына бәлемен –
ажалмен бастас болмаған екен
(А.Сүлейменов. Адасқақ). Жазушының
ажалмен бастас
деген қолтума алогизм оқырман үшін әрі таныс, әрі
бейтаныс. Бейтаныс болатыны – тіркес мүлде тосын, ал таныс болатыны
– оқырманның түйсігінде
 батыр қандас, би құлақтас, бай бастас
деген
фразеологиялық тізбек тұрады. Мына бір контексте де фразеологизмнің
өзі жоқ та, образы бар:
 Езуінен күлкі қашып көрмеген сен, Жәңке, – деді
Біржан – Басқаны мақтауға бардың, өзін мақтауға жоқтың өзі екенін
сенен көрдім. Ондайлар – аз. Сарала қаздың құмайындай ілуде біреу. Сол
мыңның бірдің бірі – сен. Кезінде көрдім, бірі – Абай
(А.Сүлейменов.
Адасқақ)
.
Теңеу түріндегі тіркес оқырманның бәріне бірдей түсінікті
болмауы ықтимал.
Құстың (сарала қаздың) құмайы
болушы ма еді?" деген күдік
көңілде тұрады. Жалпыхалықтық тілде тегі жағынан фольклорлық үлгіге
жататын сан-алуан фразеологизмдер бар. Солардың бірсыпырасы
мифологиялық ұғыммен байланысты. Олар көбіне
түйенің жампозы,
иттің сырттаны, қойдың құтпаны, тазының құмайы
түрінде
айтылады. Мифтік ұғымда «құмай тазының қолтығында қанаты болады,
тазы бауырын жазып қатты жүгіргенде қанаты жазылып, ұшқан құстай
аяғы жерге тимейді», «құмай иттен тумайды, сарала қаздың (итала
қаздың) жұмыртқасынан жарып шығады екен» дейді. Міне,
тазының
құмайы
деген фразеологиялық тіркес контексте кездеспегенімен, оның
бейнелі мағынасы
сарала қаздың құмайы
деген авторлық жаңғыртуда
бар екендігі сезіліп тұрады. Әрине, мұндай түрлендірулер жазушының
тіл кестесін күрделендіре түседі. Жазушы оқырманның эстетикалық
тәрбиесіне, тіл түйсігіне арқа сүйейді. Ал тәжірибесі аз оқырман тілі
күрделі бұндай шығармалардан эстетикалық әсер ала алмауы мүмкін.
74


Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдер – өзінің айшықты
мағынасымен қымбат. Суреткер қаламы дайын бейнені пайдалана
отырып реалистік сурет салады. Бірақ олардың кейбірінің мағынасы
қазіргі жас оқырманға бейтаныс та болуы ықтимал:
Жерің анау – шала илеген терідей,
Желің мынау – дарымшының деміндей.
Көлің анау – насыбайлы түкірік,
Күнің анау – ауылнайдың мөріндей 
(І.Жансүгіров).
Өлеңнің эстетикалық сапасын көтеріп, ақынның сезімін дәл жеткізіп
тұрған фразеологиялық тіркестердің образды мағыналары.
 Шала илеген
терідей
– қыртысы жазылмаған,
дарымшының деміндей
– сасық,
жағымсыз,
ауылнайдың мөріндей
– бедері кеткен, әлсіз,
насыбайлы
түкірік 
– жасылдың көкпен былғанып, ақ араласқан түрі, міне, алдымен
осындай образдарды дұрыс қабылдау арқылы реалистік суреттен
эстетикалық әсер алып, ақынның көңіл күйін, жан сезімін тереңірек
ұғуға болады.
Осыған қарағанда жазушы тілінің байлығы тек сөз санының
молдығымен ғана өлшенбейді. Қаламгер белгілі бір көркемдік мақсатқа
сай жалпыхалықтық тілдің қойнауынан алуан түрлі сөз алып, шығарма
тілінің байлығын еселей түсуі мүмкін. Сонымен бірге сөзге жаңа
мағыналық реңк, өзгеше мазмұн беру арқылы да тіл қазынасын байытып,
қорабасын молайтып отырады. Сондықтан жазушының тіл байлығы, бір
жағынан ана тіліміздің сөздік қорын қаншалықты игерді, пайдалана білді
деген сандық өлшеммен бағаланса, екінші жағынан, қаламгердің сөзге
дағдыдан тыс мағына үстеуі, мазмұн беруі, сөзді жаңа қызметке жегуі
тәрізді сапалармен де бағаланады. Осылардың барлығы, түптеп келгенде
жазушы тілінің байлығы болып есептеледі.
Көркем әдебиет тілінде жұмсалатын метафора, эпитет, теңеу, сөз
мағыналарын ауыс мәнде құбылта қолдану т.б. ертеден келе жатқан
көріктеуіш тәсілдер. Сөз кестелеудің бұл тәрізді дәстүрлі түрлерінің ауыз
әдебиеті мен байырғы әдеби тіл мұраларында және жаңа әдеби тілімізде
жасалған небір айшықты, классикалық үлгілері бар. Көріктеу қуаты мол,
қолдану мүмкіндігі шексіз мұндай өміршең дәстүрлі тәсілдермен қатар
кейінгі кездердегі әдеби процестерде пайда болған, көркем қолданысқа
айнала бастаған тәсілдер де жоқ емес. Олар әдеби тілдің стильдік
салаларының саралана түсуіне орай пайда болды.
75


Қоғамдық қызметінің өрістеуімен байланысты әдеби тіліміз көркем
әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стнль, ресми стиль
делініп, стильдік арналары саралана түсті. Осы үрдіс жаңа бір көркем
тәсілдің пайда болып, көркем үлгі ретінде сөз шеңберлерінің қаламында
өңделе түсуіне бірден-бір түрткі жайт болды. Көркем әдебиет тіліне тән
тіл ресурстарын (экспрессиялы-эмоциялы сөздер, эстетикалық мәндегі
образды қолданыстар, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер т.б.)
көріктеуіш тәсілдің дәстүрлі үлгілерін асқан шеберлікпен қолдана
отырып, әйгілі қаламгерлеріміз өзге де функционалдық стильдерден тіл
бояуының соны түрін, сөз өрнектерінің жаңа нақышын тапты.
Көркем проза тіліндегі сөз табиғатын айтқанда олардың кейбір
қасиеттерін әдеби тілдің өзге де функционалдық стильдерімен
(публицистика стилі, іс қағаздары стилі, ғылыми стиль, сөйлеу тілі стилі)
байланысты қарауға тура келеді. Өйткені тілдік құралдардың (сөз, сөз
тұлғалары, синтаксистік құрылымдар) кейбірі белгілі бір стильдік
тармақтарға тән таңбаға ие болса, енді бір саласы барлық стильге ортақ
болып келеді. Осы ортақтық әдеби тілдің тұтастығын сақтайды. Бұлар
бейтарап реңктегі тілдік құралдар деп те аталады. Бірақ әдеби тіл қарым-
қатынас қызметін өтеу барысында тұтастығын сақтауға да (интеграция),
іштей сала-тармақтарға жіктелуге де (дифференциация) бой ұрады. Бұл
үрдіс қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы деп аталатын
диалектикалық зандылықты еске түсірсді. Әсіресе жіктеліс процесінің
нәтижесінде кейбір тілдік құралдар мен амал-тәсілдер қоғамдық өмірдің
белгілі бір саласында жиі әрі белсенді жұмсала келіп, сол салаға тән
сипат алады. Осылайша көркем әдебиеттің, публицистикалық
әдебиеттің, іс қағаздары тілінің, сөйлеу тілінің өзді-өзіне тән белгілері
қалыптаса түседі де, бұл белгілердің барлығы тағы бір ортақ системаға
топтаса келіп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы тұратын кітаби тіл (книжная
речь) жүйесін түзеді. Кітаби тіл жүйесіне жататын тілдік құралдарға
негізінен көтеріңкі леп, асқақ үн (публицистикалық стиль),
интеллектуалдылық (ғылыми стиль), пунктуалдылық немесе дәлме-
дәлдік (іс-қағаздар стилі) тәрізді функционалдық-стильдік реңктер
басым болып келеді. Ал сөйлеу тілі реңкіне тән тілдік құрылымдардың
кітаби тіл реңкіндегі элементтермен салыстырғанда мазмұны бәсеңдеу,
экспрессиялық реңкі күшті болып келеді. Енді осы айтылғандарға
76


күнделікті өмірдегі тіл жұмсау дағдыларынан бірер мысал келтіруге
болады.
Әдетте амандасуымыздың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет