Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

 «Бір бидай
арпа, өзің біл қалқа»
деп келетін халық өлеңіндегі бір бидай арпаның
неге бұлай айтылатындығы қазіргі кезде белгісіз. Ал, шындығында, бұл
тіркес
арпа ішінде бір бидай-
дың жаңғырған түрі
64
.  Фразеологизмнің
формасы жаңғырғанмен, образ тұрақты болады. Мысалы, «топ ішіндегі
64
Арпа ішінде бір бидай деген фразеологиялық тіркес ертеректе балалардың ойынында да айтылған.
Бөтен ортаны жатырқаған баланы қатарлары ортаға алып, түрткілеп әзіл түрінде «арпа ішінде бір
бидай, шоқып алды бір торғай» деп, «етін үрететін» болған.
72


таңдаулы, қадірлі» деген образды мағына фразеологизмнің жалпытілдік
үлгідегі түріне де, контекстегі түрленген нұсқасына да ортақ.
Жазушы қаламы кейде фразеологиялық орамдардың
мағыналарындағы образдылықты сақтай отырып, олардың лексикалық
құрамын әрі грамматикалық мағынасын да өзгертіп қолданады.
Жалпыхалықтық тілде
ел ішін ала тайдай бүлдірді
деген
фразеологиялық түйдек бар, «жұртты дүрліктірді» деген мағынада
жұмсалады. Енді осы аталған фразеологизм көркем тіл кестесіне енгенде
өзгеше структуралық, грамматикалық өзгеріске түседі:
Тура қойылған
сұрақтан тұра қашқысы келген Біржан ала тайдай бұзылған аспанға
қарады. – Көк айныды. Мынаусы жаңбыр ғой 
(А.Сүлейменов. Адасқақ).
Жалпытілдік қолданыста етістік мағынасында жұмсалатын
фразеологизм сындық мәнге көшіп, аспанның анықтауышы болып тұр.
Мұндай түрлендіру сындық сапаның интенсивтілігін күшейте түскен:
«Көк жүзі көшкен жұрттай әбігерге түскен». Фразеологизмнің сырт
тұрпаты деформацияланғанмен, образды мағынасы бұзылмаған.
Көркем шығарма тілінде жиі жұмсалатын, эмоционалдық реңкке ие
бір алуан фразеологизмдер бар:
Ойлану – кейде наркескен
Жүректі сара тіледі.
Ойланбасаң жаның жай,
Қысыла қында жүреді 
(І.Жансүгіров). 
Жүректі тілді, жүректі сара тілді
65
деген фразеологиялық тіркесті
жалпытілдік үлгіде алуды жазушы қаламы місе тұтпай,
жүректі
бауыздады
дейді:
Ақыл әнге апармайды, ән ақылға апарады. Жанның
дірілін, жаурағанын, тасығанын – иек артқанмен, сөзді арқаланбай-ақ
қалтқысыз жеткізетін ән. Ән кезегі с-з таусылғанда. Ақыл дәріс ми мен
санаға ұрса, ән-әуен жүректі бауыздайды. Жүрегі бауыздалмаған мал
харам 
(А.Сүлейменов. Адасқақ).
Алдынғы сөйлемдегі тұрақты тіркес соңғы сөйлемдегі еркін
тіркеспен астасып жатыр.
Жүректі тілді –
деп айтылатын жалпытілдік
65
Жүрек тілді, жүректі сара тілді деп келетін фразеологиялық тіркестің фоны (өмір
шындығымен нақты байланысы) жоқ тәрізді, сондықтан оның ішкі формасы метафораға құрылған
сияқты көрінеді. Шындығында, бұл фразеологизмнің жасалуы этнографиялық салт-дәстүрмен
байланысты. Қазақ салтында малды бауыздайды да, бауыздалған малдың жүрегін ортасынан сара
(тік) тіліп, қанын ағызады (фразеологизмге осы көрініс негіз болған). Мұны жүрек бауыздау дейді.
73


нұсқаның «көкіректі қарс айырды» деген бейнелі мағынасы авторлық
түрлендіруде де сақталғаны контексте айқын байқалады.
А.Сүлейменовтің «тентектеу» қаламы тұрақты тіркестердің «мұртын
басып» қоймай, «басын жарып, көзін шығарады» (бұл сөздерді жағымды
мағынада айтып отырмыз –
Н.Уәлиұлы
). «Адасқақты» оқып отырып,
оқырман контекстен фразеологизмнің өзін көрмейді де, бейнесі бар
екенін оймен сезіп отырады. Мысалы:
 Сөз бен әуеннің бауырына бүккен
қызыл қырғын әсерін, кекіл жарар арын-екпінін, тегеуірін-тепкісін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет